Ресми БАҚ-нда ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы жарияланды.
Оның пікірінше, қазіргі таңда әлеуметтік серіктестікті белсенді дамыту, мемлекетті, ең алдымен, әлеуметтік саланы, жаңғыртуда мемлекеттік емес сектордың қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау маңызды.
«Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады» деп Президент әділ бағалап, бұл жалған идеяға сындарлы балама «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады ...
*
... Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз» деп қорытындылайды.
*
Мәлімделген өзгертулерді іске асыру мақсатында мемлекет Басшысы Үкіметке біршене тапсырма берді.
Олардың қатарында – әлеуметтік заңнамаларды жаңарту, оның ішінде, «Кәсіптік одақтар туралы» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, сонымен қатар еңбек жанжалдарын сейілту үшін «Медиация туралы» Заңды белсенді қолдану. Бұдан басқа, Президент ҚР Үкіметіне 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін 2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу Жоспарын дайындап, қабылдауды және 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік стандарттар мен әлеуметтік құқыққа кепілдіктер туралы заңын әзірлеуді тапсырды.
*
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Н.Ә. Назарбаев қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының негіздеріне оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы мәселені әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар Еңбек кодексінің негізгі ережелері және еңбек қатынастарын реттейтін басқа да құқықтық актілер жөніндегі жалпыұлттық анықтамалықтардың бірыңғай серияларын шығару мен таратудың жобасын әзірлеу қажет.
Бұдан басқа, ҚР Президенті Үкіметке 2012 жылдың соңына дейін мынандай ұсыныстарды әзірлеп, ұсынуды тапсырды:
– «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорындарға тексеру жүргізу бөлігінде ратификацияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы;
– Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге еңбек дауларын әдейілеп туындатқаны үшін жауапкершілік жөніндегі ережені енгізу туралы;
– әлеуметтік өштесуді қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шартты орындамағандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы.
Қорытындыда мемлекет Басшысы әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН құруға бағытталуы тиіс екендігін айтты.
www.kazpravda.kz