+1 дауыс
807 көрілді
Менің 9 бітіріп кеткім келеді, бірақ ата-анам қарсы. 9 бен 11 бітіргеннің айырмашылығы қандай?11 бітіріп кеткен қолайлы ма, әлде 9 бітірген бе? сұрағыма жауап беріңіздерші...

5 жауап

+1 дауыс
11 бітірген дұрыс, өйткені  колледж оқып + кешенді тест тапсырғанша ұбт тапсырған жақсы, себебі колледж бітіретін жылы диплом қорғайсыз ( үлкен экзамен) және + кешенді (Ұбт сияқты олда бірақ орыс тіл тапсырмайсың) ал өз ойым 11 бітірген дұрыс 1 тест тапсырасын ал колледж 2 өзің қалай ойлайсың?
11 бітіргенін жөн
0 дауыс
өзіңе байланысты ғой негізі барлық нәрсе.11 бітірген жақсы.Грант алып жоғарғы оқу орнында оқыған бір жағынан жақсы бір жағынан абырой!!!
0 дауыс
Он бір бітір, тоғыз бітір біздің елде бәрібір, еш айырмасы жоқ. Сол баяғы колледжге түсуде пара, университетке түсуде пара. Есесіне он бір бітіргенде пара беріп ҰБТ-да балл сатып аласыз. Оған жыл сайынғы ҰБТ-ы дәлел. Тоғыз бітір яки он бір бітір демес едім. Артыңызда крыша болса еш алаңсыз жүре берсеңіз болады. Түбі бір оқуды оқып шығасыз. Шындығы осы. Келіспеске лажымыз жоқ. Сіз Парастан еліне қош келдіңіз!!!
Чето Батыс жа0тан емеспісің сөзіңе қарағанда
дәл таптыңыз
0 дауыс
Бәрі өзіңізге және ата-анаңызға байланысты.
1. Егер өз біліміңізге, алғырлығыңызға сенімді болсаңыз, онда 11 сынып бітіріп грантқа жоғары оқу орнына түсуге болады. Грантты иеленгендердің 90 пайыздан астамы пара бермей-ақ өз білімімен түскендер.  Бәрі сатылады, парамен түседі деген артық әңгімеге сенбеңіз, тек өз күшіңізге, біліміңізге сеніңіз. Ол үшін оқу керек, еңбектену керек.
2. Егер біліміңізге, алғырлығыңызға, еңбекқорлығыңызға сенбесеңіз, алайда ата-анаңыздың (туған-туысқандарыңыздың) қалтасына сенсеңіз - онда да 11 сынып бітіріп, жоғарғы оқу орнында ақылы оқысаңыз болады.  Ол кезде де міндетті түрде белгілі бір баллдан төмен жинамауыңыз қажет. Өте жалқау, мақау болмасаңыз ол минимум балды оңай жинауға болады.
3. Егер өзіңізге, ата-анаңыздың мүмкіндігіне сенімсіз болсаңыз - онда 9 сыныптан кейын  колледжге, техникумға және тағы басқаларына түскен дұрыс.
   
Сонымен. Жоғарғы оқу орнына түсесіз бе, әлде колледжде оқисыз ба - ең бастысы таңдаған мамандығыңыздың жақсы, білімді маманы болғаныңыз дұрыс. Және де ол мамандық сізге ұнағаны дұрыс. 9 сыныпты бітірген оқушы өзінің ертеңін ойлап (уаймдап), шешім қабылдай алатын жаста. Ата-анаңыз сіздің ойыңызды, айтқаныңызды ескеруі қажет. Ол үшін өз ойыңызды үлкен кісідей  айта біліңіз.
Сізге сәттілік тілеймін!
11 бітірген жақсыго негізі
0 дауыс
бірақ қазір мұғалімдер мен мектеп директорлары қалмайсың деп 11 ге қалатын экзамендерден откізби жатырғо оз басып білем  біздің мектепте солай болды
...