–1 дауыс
60.3k көрілді
Алаш деген не және ол сөздің мағынасы не?

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Алаш (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) — көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.[1] Орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. А. аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол — татар — қазақ шежірелерінде Алаш (Алашы) хан туралы айтылады. Кеген тас жазуында (б.з.б. 4 ғ. шамасында) “Қаған алты бөріг алаш(а) ерті” деген жолдар, Алтай тауының Сібір жағында (Тува) А. атты өзен, А. атты тау сілемдері бар. А. атауы бүгінгі күнге дейін түрікмен, қырғыз, қазақ, ноғай т.б. халықтардың есінде сақталған. Кеген тас жазуында “алты бөріг” (“алты қасқыр”) деген сөздің “алты алаш” мағынасын беретіні жөнінде (үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сяньби-ғұн тайпалары) ғыл. болжамдар бар. А. туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сілемі байқалады. “Алаш — алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда” деп келетін сөздер осыған меңзейді.
[2]

Қазақ халқының басын құрайтын ежелгі тайпалардың көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, “Алты Алаш” деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп те түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген ортақ түріктік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемл.) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да болған сияқты. Ал, енді қара қазақ шақыратын “Алаш” ұраны “алаш — алаш болғанда, Алаша хан болғанда, бұл қалмаққа не қылмадық” деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға келеді. Бұл орайда Саққұлақ би шежіресін, Ә.Диваевтың, Г.Н. Потаниннің, Ш.Уәлихановтың, А.Янушкевичтің, Ш.Құдайбердиевтің, М.Тынышбаевтың ел арасынан жинаған аңыз-әңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғыл. мақалаларын атаған жөн. Олардың бірінде —алапес болып туған бала, екіншісінде — алашаға отырғызып көтерген хан, үшіншісінде — Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскербасы болғаны, төртіншісінде — қалмақты қорқыту үшін “Алаш” сөзін ұран еткені айтылады. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мыс., Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады. Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. “Қамбар батыр” жырында (“Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы”), Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында (“Он сан Алаш баласын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен”), Махамбеттің (“Алты сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма”) өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. “Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш” деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретінде “Алаш қозғалысы”, “Алашорда”, “Алаш” деген ұғымдарды атауға болады. “Алаш азаматы” деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді.
0 дауыс
Алты алаш деген кім?
Алты алаш - Алаша ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Жайылған.
Үш жүз деген кім?
Үш жүз – қазақтың ағайынды үш баласы.
0 дауыс
1.Алты Алаш туралы жоғарыдағы жауап еш қисынға келмейді. Қазақ пен қарақалпақ, рас, туыс халық. Тілі түркі тілінің Қыпшақ тобына жатады. Ал қырғыздар Алтай, өзбектер Қарлұқ, түрікмендер Оғыз топтарына жатады."Қазақ-қырғыз бір туған" деген сөз - көршілес болған соң, жай бір жақын екендіктерін білдіруді мақсат етіп, айтыла салған сөз.

2. Жүз деген сөз цифрды білдірмейді. "Жүз,дүз" дала деген немесе бөлік деген мағынада(Ұлы дала, Орта дала, Кіші дала немесе Ұлы бөлік, Орта бөлік, Кіші бөлік). Жошының ұрпақтары ұланғайыр елді басқаруды жеңілдету үшін үш бөлікке бөліп басқарған. Күншығысты пір тұтатындықтан(Шаман, отқа табынушылар, мұғтар,оташпарастлар сеніміне орай), күн шығатын жақтағы жер бөлігін "Ұлы дала" деп атаған(бүгінгі Ұлы жүздер 13-14 ғасырға шейін Алтайға дейінгі жерлерді мекендеген). "Ұлы" деген сөз олардың басқа жүзден артықшылығын білдірмейді. Үш жүздің дәрежесі тең.Үш жүз үш ағайынды бала емес. Кезінде мекендеген қонысына, орналасуына орай туыстық құрылымға айналған бөлек-бөлек тайпалар мен рулар.
0 дауыс
Алаш дегеніміз ол көне заманнан келе жатқан сөз.
0 дауыс
XX ғасырдағы әдеби туындылардан Алаш идеясын тауып дәлелдеңіз
0 дауыс

Алаш - Ағалас сөзінен шыққан, Алты бауыр Ағалас ел дегенді білдіреді, уақыт өте келе, қазақ тілінде көптеген сөздерде Ғ әрпі түсіп қалған, мысалға : Бағатур-Батыр, Оғұл-ұл, тағы басқа сөздер өте көп, сол секілді Ағалаш сөзінен Ғ әрпі түсіп, бізге Алты Алаш болып жеткен

0 дауыс

бұл такой адам,қандай біз туралы пікір қазақстан республикасының заңнамасы айтады

0 дауыс
Алаш -  ел -жұрт, қауым,  көпшілік, халық деген мағына береді.
0 дауыс
Алаш дегеннің мағынасы оку және козді ашу Алаш негізін салушылар Ахмет Байтұрсынұлы Мағжан Жұмабаев Жүсіпбек Аймауытов
...