ТМД елдерінің барлығында дерлік азаматтардың еңбек уақыты бір аптаға 40 сағаттан келетіні белгілі. Ал жұмыс уақыты ең қысқа елдердің тізімін Германия мен Нидерланды бастап тұр.
Бұл елдерде азаматтардың жұмыс күні шамамен 5 сағатқа созылады. Ал бір сағат еткен еңбегі үшін Германияда – 35, Нидерландыда 42 доллар төленеді.
Әлемдегі жұмыс уақыты ең қысқа елдердің қатарына сондай-ақ Франция (аптасына 26 сағат еңбек), Австрия (27,5 сағат), Бельгия (27,8 сағат), Ирландия (28,3 сағат), Дания (28 сағат), Люксембург (30 сағат), Финляндия (30 сағат), Британия (31 сағат) секілді мемлекеттер кіреді.Дәл осы ондыққа кірген елдердің еңбекақысы да жоғары болып саналады.Ал Қазақстанда
14 пен 16 жас аралығындағы жұмысшы аптасына 24 сағаттан көп емес
16-18 жас аралығына аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты болуы тиіс.
ауыр және зияны бар жұмыстарды атқаратын жұмысшылар аптасына 36 40 сағаттан артық істемеуі тиіс
Әлем бойынша ең жұмыс көп істейтін ел Оңтүстік Корея.