Song hye kyo жайлы көөөөөөөөөөөп мәлімет керек

0 дауыс
481 қаралым
• Санаты: Жалпы сұрақ | 481 қаралым

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
image
Кореяның халық сүйіктісі Сон Хе Кё біздің елімізде де жақсы танымал. Әсіресе «Ыстық ұя» сериалынан кейін бұл актрисаның суретін көрген - айнытпай танитын күйге түсті. Бұл бекер емес, өйткені осы актрисамен бізде 4 дораманың көрсетілімі болған.

Кәрстердің жыл санағы бойынша Сон Хе Кё 1981 жылы 22 қарашада дүниеге келген. Жалпы кәрістер көбіне екі туылған күнді тойлайды. Бірін ай жыл санағымен санаса, бірін ортақ жыл санағымен санайды. Сол себептен, бір жас қосып айта ма, сондай ерекшеліктері бар. Сонымен, жалпы жыл санақ бойынша оның туылған күнін 26 ақпан 1982 жыл.

Ең алғаш Сон Хе Кё телеарнаға 1996 жылы «Бақытты күн» дорамасында ойнап шығады. Және де сол жылы, мектеп оқушыларына арналған киімдердің көрсетілімін ұйымдастыратын компанияның ең үздік моделі деген гран-приді ұтып алады. Кейін бірнеше жарнамаларда, теле-шоуларда көрініп жүреді. Ең үлкен танымалдылыққа ол «Жүрегімде қалған күз» сериалынан кейін ие болды. Сонымен қатар, Кореяда ғана емес Азияның көптеген елдерінде көрсетілген «Нар тәуекел» («All In») дорамасындағы Мин Су Енның рөлі оның актрисалық өміріне үлкен жол ашты. Бұл сериалда ол танымал актер Lee Byeong Heon-мен ойнайды. Сериал барысында бұл жұп өмірде де кездесе бастайды, алайда қарым-қатынастары ұзаққа созылмайды.
image
 
  Сон Хе Кёнің үздік рөлдерінің бірі ол «Ыстық ұя» («Full House») дорамасындағы Хан Чжи Юнның образы. Бұл сериалдағы да жұбы болған Rain Кореяда танымал әнші, актер, жалпы халық сүйіктісі.
image
Сон Хе Кё тек дорамаларда ғана емес, сонымен қатар кино-фильмдерге де көп түседі. Голливудтық туындылардан режиссер Джон Вудің «1949», және американдық индо-триллер жанрындағы «Фетиш» фильмінде ойнаған.
Сон Хе Кё көптеген қоғамдық істерге белсене араласып тұрады, қоршаған ортаны қорғау және сақтау бағдарламаларымен Азиялық пандаларды қорғау бірлестігінің елшісі.
0 дауыс
[Міне][1]


[Міне!][2]


  [1]: http://asiacue.com/ru/persons/Song_Hye-Kyo.html
  [2]: http://top-antropos.com/history/21-century/item/130-song-hye-kyo

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
5 жауап
20.08.2012 • Санаты: Жалпы сұрақ surak сұрақ қойды
127,944 сұрақ
322,831 жауап
153,169 пікір
72,943 қолданушы