0 дауыс
18.7k көрілді
Сұрақтың жабылу себебі: Толық жауаптар алынды.

1 жауап

+3 дауыс
Соқыр ішек
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Соқырішек немесе Соқыр ішек (лат.: Caecum, Coecum немесе Cecum) — бұл аппендикстің, іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса жалғаса біткен ұзындығы саусақтай қалташаның қабынуынан пайда болатын ауру. Қабынған аппендикс жарылып, көк еттің тоқ ішек — талаурауына соқтыруы мүмкін. Іш құрылысының (көк еттің) талаурауы — ішек қуысына қауіпті инфекция түсіретін қатты асқынған ауру. Ол аппендикстің немесе ішектің басқа бөлігінің жарылуынан пайда болады.
Соқырішек ауруының белгілері
Басты белгісі — іштің үздіксіз ауырған үстіне ауыра беруі;
    Ауыру белгісі көбінесе кіндік түбінен басталып, содан соң іле оң жақ төменгі бөлікке ауысады;
    Адамның асқа тәбеті жойылып, жүрегі айныйды, құсады, үлкен дәреті жүрмейді, аздап қызу көтеріледі.
    Соқырішек немесе талаурау ауруларына қатысты тексеру.

Сырқат адамды жөтелдіртіңіз де, жөтелдің ішті қатты ауыртып, не ауыртпайтынын бақылаңыз; Немесе баяу, бірақ іштің шаптан солға таман және сәл жоғарырақ бөлігін ауырғанша қаттырақ батырып басыңыз. Содан соң қолыңызды тез тартып алыңыз.

Егер де қолды жіберіп қалған кезде іштің оқыс қатты ауырғаны сезілсе, онда мұның соқырішек немесе талаурау болуы әбден ықтимал. Егер де осы қимылдан оқыс қатты ауырғандық белгісі сезілмесе, онда осы тәсілді оң жақ шаптың аумағына да қолданып көріңіз.

Егер аурудың соқырішек немесе талаурау екендігіне көз жеткізгендей болсаңыз онда:

  Дәрігерлік көмек көрсетудің шұғыл шараларын қарастырыңыз  ;
   Сырқат адамды оған операция жасауға мүмкіндігі бар жерге жеткізуге қолдан келгенше тырысыңыз;
 Оған ауыздан ештеңе ішкізбеңіз және клизма да жасамаңыз. Шөлдеу, сусау белгілері байқалғанда    да ғана жұтымдатып су немесе судың орнын алмастыратын сусыннан басқа ештеңе бермеңіз.
    Сырқат адам толық тыныштықта жартылай отырған қалыпта жайғасуы керек.


ЕСКЕРТУ: өршіп үдеп ауырған талаурауда сырқаттың іші тақтайдай қатты болады да, ол ішіне таман қолды сәл жана
    стырғанның өзінде қатты ауырсынады. Оның өміріне енді қатер төніп тұрғаны айдан анық.
Егер құсып,іші өтіп,екі бүйірі ауырса соқыр ішек па?????
...