Күнделі біз қолданатын картоптың құрамында қандай пайдалы нарселер бар. Нақтырақ жауап керек. Алдын-ала рахмет!

0 дауыс
4.2k қаралым
• Санаты: Жалпы сұрақ | 4.2k қаралым

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
100 г картопта - 90 ккал

Картоп B1, B2, B6, PP және C дәрумендерінің бай көзі болып табылады. Оның құрамында сондай-ақ белок және көмірсулар, кальций, калий, фосфор және магний бар.

Кейбір адамның табанында қатайған тері (мозоль) пайда болады. Оны тазартпаса, өлі тері үлкейіп, сүйел іспеттес болады. Мұндайда өкшесі биік аяқ киім кие алмай, аяғыңыз ауырады. Табанға шикі картоп тарту арқылы ондағы қатайған теріні жұмсартуға болады. Ол үшін алдымен картопты үккіштен өткізу керек. Жарты стакан үгітілген картопқа 1 шай қасық бал қосып араластырады. Осыны дәкеге салып, қатайған теріге жапсыра орайды. Сыртынан нәски киіп, 2 сағаттай жүру керек. Мұндай процедураны күніне 2-3 рет қайталауға болады.
Картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Оны кез келген уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек.

Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магний жүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды.
Картоптың ағзаңызға берер пайдасын біліп алдыңыз деген ойдамыз. Ал, картоптың зияны қандай? Әдетте, салмақ тастағысы, азғысы келетіндер өзін картоп жеуден шектеп тастайды. Бұл да дұрыс! Картоптың зияндылығы – оның құрамында көмірсулар мен жасұнықтың көп болуында. Бұлар өз кезегінде адам ағзасында қанттың мөлшерін көбейтіп жібереді. Дұрысы, картоп тағамдарын дұрыс дайындай білуді үйрену керек. Картопты қуырғаннан гөрі, қабығымен бірге қайнатып жегеніңіз және қуырылған картоптан аулақ болғаныңыз өзіңіз үшін пайдалы болмақ.
Картоптан жасалатын бет терісіне арналған маскалар мен картоптан түрлі дәмді тағамдар жасаудан хабардар боларсыз. Мұнан басқа картопты үй тұрмысында ем-дом ретінде пайдалануға да болады екен.
Картофель құрамы С,В1, В2, РР, К дәрумендеріне бай. Ас әзірлердің алдында картопты қабығынан аршыған кезде, қолыңызда нағыз әмбебап косметикалық құрал тұрғанын аңғармайсыз да. Ал картоп болса, беттегі бөрткеннің ушығуын тоқтатады, теріңізді қалыпқа келтіре отыра, ағартады, әжімдерді жояды.
Сезімтал теріге арналған лосьон: Таза ,құрғақ теріңізді картоп шырынымен сүртсеңіз, әсері мол.
0 дауыс
[Мында!][1]


  [1]: http://massaget.kz/bastangy/kulinariya/3703

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,804 жауап
153,169 пікір
72,927 қолданушы