Ол қорқынышты емес. Өңезді мұқият алып тастап отыру керек, ал ағаш қақпақты, тасты, дәке-ні мезгіл-мезгіл қайнап тұрған сумен жуып алу қажет. 100 килограмм аршылған қырыққабатты ашыту үшін 2,5 килограмм тұз, 4 -10 килограмм сә-біз немесе 5-8 килограмм алма, 5 грамм хош иісті бұрыш, 10 грамм лавр жа-пырағы керек. Тұзы кем қияр Тұздайтын қиярыңыз-дың мөлшері бірыңғай кішілеу болғаны дұрыс. Оларды мұқият жуып, ыдысқа (эмальды немесе шыны ыдыс, дұрысы) салып, әшкөк, желкен жапырағын және сарымсақ қосып, үстінен тұз-дық (тұзды су) құясыз. Тұзы кем қиярдың бір артықшылығы – тез да- ярланатындығында. Ес-керте кететін тағы бір нәрсе, тұздау уақытын жеделдету үшін қияр-дың ұшын кесіп, оларды ыдысқа салғаннан кейін тұздықты үстінен ыстықтай құйған дұрыс. Осы тәсілмен тұздағанда бірнеше сағаттан кейін-ақ дәмді, тұзы кем қияр дайын болады. Тұздауға қажет тұздық қиярдың үлкен-кішілігіне байланысты: кішілеу қияр үшін 10 литр суға шамамен 400 грамм, ірі қияр үшін 600 грамм тұз керек