АҚШ жеріне қазақтар ресми түрде алғаш ІІ дұниежүзілік соғыс уақытында қоныстана бастаған. Қазірде, Құрама Штаттар халқының бір тармағын қазақтар қамтып отыр. Демек, кері тартпа пікірлердің шырмауына ілігіп, үлкен арманнан үміт үзу дұрыс емес меніңше. Барыңдар. Көріңдер. Біліңдер. Көздерің ашылсын. Өзім не ойласам, пікіріме де ашық түрде жаза отырайын: басқа Еуропа елдеріне қарағанда, АҚШ бостандық елі деуге толық негіз бар. Бірақ, қатты қиналатының рас, өмір сүру принципі солай, еркісіз қатты қиналуыңа тура келеді, адамдардың барлыңы иттірліктің қамымен тыным таппайды ол жақта. Тек, қаншалықты қиналсаң, несібесін, рахатын еселеп көретін боласың. Өзіңнен басқа ешкімнің өз өміріңе араласуға тұрмайтынын сезінуге болады, есесіне адамдардың қадірін түсінесің, түрлі жаманшылықтың алдын алу мақсатында, элементар айтар болсақ, түрлі эмоциялық этиканың ережелерін өзіңнен өзің түсінесің. Жақсы сөз жарым ырыс дейді мұндайда. Қазағымның айтпаған сөзі қалып па. Сендерге сәттілік! Қайда жүрсеңдер де, қазақ деген ұлы халқың мен, Оралдан Алтайға керіле созылып жатқан дархан далаңның қадірін түсіне жүріңдер.