+4 дауыс
4.1k көрілді
Массаж жасауды білесіздер ма,компьютер алдында көп отырғасын денем ауырады, массаж үйрену сайттарын берсеңіздер

1 жауап

+4 дауыс

Массаж (уқалау, сылап-сипау) жасау
Ағзаға массаж жасау адамзаттың ерте кезден қолданып келе жатқан емдеу әдіс-тәсілдерінің бір түрі болып табылады. Ықылым заманнан бері массаж жасауды сынықшылар, халық емшілері және медицина ғылымы емдеудің негізгі құралы ретінде тәжірибеде күні бүгінге дейін пайдаланып келеді.
Массаж жасау - пайдалану мазмұнына қарай негізгі екі топқа бөлінеді. Жалпы спорттық массаж және емделу мақсатында қолданылатын массаж болады. Жалпы спорттық массаждың мақсаты шаршаған ағзаны тездеп бастапқы қалпына келтіру мақсатында қолданылады.
Негізінен емделу мақсатында массаж жасайтын адам, ең әуелі адам анатомиясы мен физиологиясын жақсы білуі керек. Ағзаның нақтылы ауырып тұрған жерін тауып, сол жерге массаж жасауы тиіс. Массаждың буынға және қалың бұлшық етке қалай, қандай тәсілдермен жасалатынын меңгерген дұрыс. Массаждың классикалық тәсілдерін білу керек. Қалың бұлшық еттің қай жерден басталып, қай жерде аяқталатындығын білгеннен кейін ғана қай бағытта жасалатынын анықтап алады. Ол үшін саусақтың ұшымен сипап отырып анықтап алуға болады. Себебі, массаж саусақтың ұшымен және алақан күшімен орындалатындығы ескертіледі. Осылайша, бір мүшеге жасап болғаннан кейін екінші мүшеге жасауға ауысады.
Емделу мақсатында қолданылатын массаж орындалуына байланысты екі топқа бөлінеді. Біріншісі - әр адам өзіне-өзі массаж жасай білуі керек. Бұл массаж жасаудың негізгі тәсілі болып табылады. Өзіне-өзі массаж жасай білудің, әсіресе, бүгінгі тіршілікте өзіндік рөлі зор.
Екіншіден - массажды арнайы білімі бар адамдар жасайды. Оларға ерекше талап қойылады. Бұл мамандар әр түрлі науқасқа массажды қалай жасайтынын біледі.
Демек, денсаулықты сақтау үшін өзіңе-өзің және досыңа массаж жасауды үйрену керек.
Массаж жасаған ортада тазалық сақталады. Ұзақ уақыт массаж жасайтындай жағдай болғанда, ол адам өзінің күш-қуатын дұрыс пайдалана білуі керек. Массаж жасайтын адамның тырнағы болмайды, қолына әше­кей бұйымдар тағылмайды. Қол тазаланып жуылады, массаж жасаған кезде қол терлемеуі керек. Массаж жасалатын адамның жағдайы массаж жасайтын адамға қолайлы болуы керек. Отырып, немесе тұрып жасаса да массаж жасайтын адам шаршамауы шарт. Себебі, массаж жасаудың жағдайы қолайсыз болса, ол адам тез шаршап қалады. Мұндай жағдайда адамдардың өзара келісімі болады.
Адамның өзіне-өзі массаж жасауы
Әдетте, массаж аяқтан жоғары қарай жасалады. Егер де аяқтың, қолдың сынған жері болса, буынның шыққан жері болса, онда сол жерге бөлек жасалады. Олай болмаған жағдайда жалпы массаж табаннан жоғары қарай жасалады. Әркім өзінің мүмкіншілігіне қарай қолы жеткен жерге дейін массаж жасай алады. Массаж адам үшін ең пайдалы емделу жаттығуларының бірі болып табылады. Мүмкіндік болғанша, екі адам үзбей, біріне-бірі ақылдасып отырып массаж жасаса өте тиімді болады.
Адам өзіне-өзі массаж жасағанда, денесін босаңсыта білуі керек. Екіншіден, адамның әрбір мүшесіне орта есеппен 10-15 минут уақыт аралығында массаж жасалады. Әркім өзіне-өзі массаж жасаған кезде іс нәтижелі болу үшін, яғни, тез шаршап қалмас үшін өзінің күш-қуатын тиімді пайдалана білуі керек. Мүмкіндік болғанша, ең әуелі массаж ауырған жерге жасалады. Содан кейін ғана жалпы массаж жасауға көшуге болады.

http://kaz-referattar.ucoz.kz/load/biologija_valeologija/klassikaly_massazh_zh_ne_dene_symbattyly_yny_b_zyluy_ony_emdeu/2-1-0-2452 және сілетемесі. Осы жерде толық мәлімет бар.

...