Жүктіліктен сақтану жолдарын айтсаңыздар екен

0 дауыс
16.0k қаралым
Мен жүкітіліктен сатанғым келеді, балам 1,5 айлық. Осының бәрін ескере отырып, сақтанудың қандай жолдары бар екенін айтсаңыздар екен, алдын ала рахмет Сіздерге
• Санаты: Тұлға, Адам

4 жауап

0 дауыс
www.ana-bala.kz сайтын қараңыз........................................................
0 дауыс
Жоспарсыз жүктіліктен сақтану
ДСҰ-ның қолдауымен әлемнің 48 елінде «Бүкіл-одақтық контрацептивтер күні» акциясы қолға алын-ған. Біздің Ақтөбеде Адам репродукциясы және отбасын жоспарлау орталығында  өтіп жатыр. Жалпыхалықтық сипат алған аталмыш акция аясында 26-30 қыркүйек аралығында барлық емдеу орындары ашық есік күндерін өткізеді. Бұл күні қаламыздағы барлық бойжеткендер мен әйелдер білікті дәрігерлерден жүктілікті жоспарлау, қалаусыз баланы болдырмау, сол секілді контрацептивтерді дұрыс пайдалану секілді сұрақтары бойынша тегін кеңестер ала алады. Сонымен қатар келушілерге ақпараттық буклеттер мен жүктіліктен сақтану құралдары да тегін таратылады. Орталықтың білікті дәрігерлері ірі оқу орындарының студенттерімен де кездесулер өткізіп, алдын алу шаралары туралы дәрістер оқиды.
Дәметкен ҚОЖАНОВА, Адам репродукциясы және отбасын жоспарлау орталығының бас дәрігері:
- Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың әртүрлі жолдары бар. Жүктіліктен сақтайтын құралдарды әр әйел дәрігермен кеңесе отырып пайдалануына болады. Қыз бала тағдырына қанша жерден алаңдасақ та, ерте бастан жүктілікке жолығып жат-қандардан қоғамымыз күні бүгінге дейін арыла алмай келеді. Ертеде оң жақта отырып бала табу ерсі көрінсе, бүгінде бұл қасірет қалыпты жағдайға айналып бара жатыр. Мұндай келеңсіздіктер бозбала мен бойжеткендерімізге жыныстық қаты-насқа барған кезде жоспарсыз жүктіліктен қалай сақтану керектігін қажетті деңгейде насихаттамағанымыздан да болып тұрады. Жер жүзіндегі 210 млн. жүктіліктің 38 пайызы жоспарланбағанын, оның 22 пайызының түсік жасатумен аяқталып отырғанын ескерсек, қаншама әйелдің өміріне, денсаулығына қауіп төніп тұрғанын бағамдай беріңіздер.  Бала сүю бақытынан айырылып, өмір бойы санын соғып жүрген қыз-келіншектеріміз қаншама? Бұл мәселе біздің елімізде де өршіп тұр. Агенттіктегі статистикалық мәліметтерден адам шошырлық. Өткен жылы 15-49 жас аралығындағы 130 мың қазақстандық әйел жүктіліктің жолын жасанды жолмен жойған. Түсік жасатудың көптігінен балалы бола алмай жүрген отбасылардың саны да артуда. Сондықтан жоспарсыз жүктілікті болдырмаудың жолдары айтылатын ақпараттық ағарту жұмыстары жиі жүргізілсе, туу көрсеткіші де көбейер еді.
[Мына жерде толығрақ][1]


  [1]: http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/950-juktilik.html
0 дауыс
*[Осыны][1] оқып көрсен пайдасы тиер деп ойлаймын!*
[1]:http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/950-juktilik.html
0 дауыс
сағат ana-bala.kz осы сайтқа кір саған көп пайдасы бар!!!
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

127,777 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,815 қолданушы