Жас алаш газетінде 1-2 ай бұрын Ақтөбе, Қостанай облыстарын Ресейге ракета сынауға жалға алмақшы деген. Жылына беретін ақшасы тиын-тебен. Ойлағанмын жалға бермейтін шығар десем, Жас алаштың келесі санында Нұрсұлтан Назарбаев ресейдің призидентімен жалға алу бойынша келісіп құжатқа қол койыпты деп шықты. Осындай мақаланы Түркістан газетінен жерлеріміз жалға бергені туралы мақала шыққан. Егер рас болса ресейден зымырандар қазақтың жерінен ұшырып отырады. Орыстың қаруы мінсіз жүрмейді ғой, Ақтөбе, Қостанай сияқты үлкен қалаларға 5-6 тонналық ракета құлап кетсе бүкіл қаланы жоқ қылады. Байқасаңдар Байқоңыр Ресеймен шекаралас емес болатын, енді міне тағы жерлерімізді алып өздерінің шекарасы қылып алды. Айтайын дегенім егер осы сыбыс рас болса бәріміз қарсы шығуымыз керек. Кезінде қытайға жер береміз дегенде бүкіл қазақ қарсы шығып еді ғой, орысқа да солай істеуіміз керек. Жалға алатын болса, орыс деген аты бар оны енді ешқашан қайтармайды.Өзбекстанға жалға берген жеріміз де қайтқан жоқ, тағы жер керектей Оңтүстік Қазақстан Өзбекстан жері деп айтып жүр. Ойланыңдар қазақтар, төбемізден ракета ұшып жүреді. Тағы жер жүзіне масқара боламыз. Байқоңырымызды қайтара алмай жүргенде, тағы жерімізді алмақшы. Сұрайын дегенім шынында да жалға берді ма? Қанша жылғы?
Жер алу туралы мында жазылған http://zhasalash.kz/sayasat/7344.html