)))
май шашырамайтын СКОВОРОДКА )базарға барсаң фирмының жақсы шығып жатқан заттары барғо,сол жерден қалаған заттарыңды таңдап алсаң болады,егерн ондай СКОВОРОДКАдан май шашырап кетіп жатса дәу Қазанмен тамақ жасауға тура келеді )))қалжың
-
тігін машинасының жақсысы Қытайда
Бүгінде Қытай соңғы технологиялардың отаны сияқты. Ол жақтан бүгінде аккумулятормен көрсететін теледидардың да, 100 долларлық компьютердің де, дисплейіне қаламсаппен жазуға болатын қалта телефонының да түр-түрі әкелініп жатыр.
Енді Қытайдағы «Golden sfіke» аталатын фирма қалтаға салып жүруге болатын тігін машинасын шығарыпты. Оның көлемі кәдімгі қағаздарды бір-біріне қыстыратын степлерден сәл-ақ үлкен. Түрі де степлерге қатты ұқсайды. Шағын тігін машинасымен көшеде кетіп бара жатып та киіміңіздің жыртылған жерін тігіп ала аласыз. Сондай-ақ бұл тігін машинасымен екі-үш қабат маталарды, көрпешелердің ұзын тігістерін де зырылдатып тігіп тастауға болады. Әрі оған 40-шы жіпті қолданасыз.
Бұл тігін машинасының тағы бір артықшылығы, оның жіп салатын шөрнегі біреу-ақ. Инесі де өзге тігін машиналарының инесіндей қолға кіріп кететіндей қауіпті емес. Ол ісіңізді тігіп болғанда тігістегі жіпті өзі-ақ қиып тастайды.
Мінеки, көрші елде шыққан шағын ғана тігін машинасы осындай. Бізді елде де тұрмысқа ыңғайлы, артықшылықтары мол осындай заттар шығарылып жатса ғой, шіркін!
[толық ақпарат][1]
[1]: http://www.zamana.kz/akparat/383-mashina.html