Майсана майы — кеппейтін, қабыршақ түзбейтін және құрамында оксиқышқылдары бар өсімдік майларының бір түрі. Оны үпілмәлік (майсана) өсімдігінің дәнінен алады. Құрамында 3 — 9% олеин, 3 — 5% линол және 80%-дан астам [[рицинол қышқылдары болады. Соңғысының көп болуы Үпілмәлік майының негізгі қасиеттері: кинематикалық тұтқырлығы (50С-та 11010–6 м2/сек) мен тығыздығын (15С-та 950 — 974 кг/м3) анықтайды. Спиртте және бензинде жақсы ериді. Түсі түссізден қою сарыға дейін өзгереді, майлылығы 40 — 55%, қату температурасы 10 — 18С. Үпілмәлік майының тұтқырлығы жоғары болғандықтан техникада сапасы жоғары майлағыш май ретінде кеңінен қолданылады. Бұдан басқа дәрі жасауда, жақпа май және бальзам ретінде әйелдерді босандыруда, күйген жер мен жараға жағу үшін, сабын өндіруде, олифа алуда, т.б. пайдаланылады.