Мен осы жазғы каникулымды өте қызықты әрі көңілді өткіздім. Жазғы демалыс кезінде ата-анаммен, сіңіліммен және туысқандарыммен бірге көптеген жерге бардым.
Маусым айында анам және сіңіліммен бірге Ыстықкөлге демалуға бардық. Біз Ыстықкөлде 20 күн болдық. Ол жерде суға шомылып, таза ауада серуендеп, әдемі табиғатты тамашаладық. Ыстықкөлдегі демалыс маған ерекше ұнады және жақсы әсер қалдырды.
Шілде айының ортасында туысқандарымызбен бірге Астана қаласына 10 күнге барып қайттық. Астанада қаланың көрікті жерлерін аралап, серуендеп, жақсы уақыт өткіздік.
Ал тамыз айында Алматыда демалдым. Апорттағы «Гавайи» аквапаркіне және Family Park-тегі шомылатын орындарға бардым. Достарыммен және жақындарыммен бірге суға шомылып, көңілді уақыт өткіздім.
Жалпы, биылғы жазғы каникулым өте қызықты және есте қаларлықтай болды. Мен көптеген жерді көріп, жақсы демалып, жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл-күймен оралдым. Маған жазғы каникулым қатты ұнады.
Ағылшынша:
I spent my summer vacation in a very interesting and enjoyable way. During the summer holidays, I visited many places with my parents, my younger sister, and my relatives.
In June, I went to Issyk-Kul with my mother and my younger sister. We stayed at Issyk-Kul for 20 days. We swam in the lake, walked in the fresh air, and enjoyed the beautiful nature. I really liked our holiday at Issyk-Kul, and it left me with many good memories.
In the middle of July, I went to Astana with my relatives for 10 days. In Astana, we visited beautiful and interesting places, walked around the city, and had a great time together.
In August, I spent my time in Almaty. I went to the Hawaii Water Park at Aport and to swimming places in Family Park. I swam and had fun with my friends and family.
Overall, my summer vacation was very interesting and memorable. I visited many places, had a good rest, and returned to the new school year in a good mood. I really enjoyed my summer vacation.