+5 дауыс
619 көрілді

4 жауап

+3 дауыс
Сыраның асқазанға пайдасы бар деп естігем. Қорытылмай қалған нәрсені Сарыағаш, Тассай секілді сусындардан ол жақсы қорытып жібереді және ол асқазанға ем!
+3 дауыс
Cеміргісі келіп жүргендерге маңызды
+3 дауыс

ХАЛЫҚ СЫРАНЫ ЖҰТСА, СЫРА ХАЛЫҚТЫ ЖҰТАДЫ

Қазір елімізде сыраға әуес адамдардың қатары көбейді. Әсіресе, жастар арасында осы ішімдік түрі кең тарады. Ғалымдар сыраның қаупі жайында дүркін-дүркін үн тастап келеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жан басына шаққандағы сыра ішу мөлшері сегіз литрден асса, ұлттың жойылып кету қаупі бар. Өкінішке орай, сыра ішу жағынан біз Әлем бойынша екінші орында, ТМД бойынша бірінші орында екенбіз. Әрбір адам жылына 10 литр сыра ішеді екен. Сыраның құрамында этил спирті бар. Сондықтан ол көпіршігенде алкоголь құрамы 14 пайызға дейін өседі. Яғни, 200 грамм сыраның 50 грамы ішімдікке айналады.

Ғалымдардың айтуы бойынша кез келген сыраны дайындағанда құрамына «хмель» деген шөп қосылады. Ол қосылмаса сыраңыз сыра болмайды. Оның құрамында «фитоэстереген» бар. Ол әйелдің бойында болатын гармон – прогестерон. Сондықтан сыраны көп ішкен ерлердің еркектік қуаты жойылып, қарыны шығады, сондай-ақ жүрек талмасы ауруына жиі шалдығады екен.  2007-жылы Америкадағы отбасылық кеңес беретін белгілі бір басылым мың әйелге сауалнама жүргізген. Сонда 873 әйел құрғақ сыраға қампайған қарынды еркектерді жек көретінін айтқан екен. «Басты мәселе қарында ғана емес, еркектік қуатта жатыр» деп түйін шығарыпты әлгі басылым.

Немістің әйгілі дәрігері профессор Болингер сыраның зияны жайында былай деген: «Сыра жүректің жұмыс жасау қабілетін төмендетеді. Бүйрек пен қуыққа да әсер етеді. Сыраны көп ішкен адамның зәр айдау жүйесі шамадан тыс күшейіп кетеді. Бұндай жағдай ағзадағы қажетті минералдардың сыртқа шығып қалуына әкеліп соқтырады. Егер денедегі калий, магний дәрумендері азайса, адамның жүрек соғысының ырғағы бұзылып, тез шаршайды. Үздіксіз сыра ішу бауыр мен бүйректі толық істен шығарып, бүйрекке қан құйылу, адамды естен адастыру қаупін туғызады».

Ал, Рейхканцлер Бисмарк: «Сыраны жиі ішу ми жасушаларын әлсіретіп, бауыр цирроззы, гепатит, панкреатит, гастрит ауруларына әкеліп соқтырады. Жүйке әлсіреп, адам ашуға берілгіш болады. Сыра адамды жалқау, топас, әрі әлсіз қылады. Сондай-ақ ер адамның ағзасында әйел гармонын үдетіп, бедеулікке әкелсе, қыздарда еркекшоралық мінез пайда болады, ер адамның дауысы жіңішкереді, бұл­шық етінің күші азайып, кеуде жасушалары босайды» деген қортынды шығарған.

Сыра – есіріткінің бір түрі. Оның дәмін алған адам іше бергісі келеді. Сыра адамның қан құрамына тез сіңетін болғандықтан, бұл сусынды жиі ішетін адамның қан тамырлары кеңейіп, варикозға тез шалдығады екен. Ал бұндай жағдай жүрек қабының кеңеюіне әкеліп соғады. Өйткені бүйрек пен бауырдың қызметі бұзылғанан кейін жүрекке салмақ түсіп,  адам инфарктіге шалдығуы келіп шығады. Сонымен бірге сыра – семіздікке апаратын бірден-бір жол.

Соңғы уақытта сыраға әуестенушілердің қатарында әйелдердің көбейіп келе жатқаны аса алаңдататын жай. Мөлшерден көп ішілген сыра әйелдің психикасын бұ­зып,  ішімдікке деген тәуелділігін арттырады. Мамандар­ ішкілікке үйір әйелдердің 82 пайызы ауруды сырадан тапқанын дәлелдеген.

Сыраның зиянына анық көз жеткізген көп мемлекеттер арнайы заң шығарып, бұл «сусыннан» аяқ тарта бастады. Тіпті, осы күні «егер сіз ұлтыңыздың сыраны пайдалану мөлшерін айтсаңыз, мен сізге оның қанша ұрпаққа дейін өмір сүретінін анық айтып беремін» деген сөз кең тарауда. Онысы, ұлтыңыз сыраны қанша көп ішсе, ғұмыры сонша қысқа деген сөз. Қадірлі қандас, «Шымкенттің салқын сырасы…» деп әндеткеннің түбі неге соғарын сезсек еді-ау…

http://www.namys.kz/?p=1611

Маңызы сол екен, денсаулықты құртады!

 

 

0 дауыс
ешқандай маңызы жоқ!!!  
Өйткені адам денсаулығына кері әсер етіп қоймай, қоғамның жанды жарасына айналған.
...