Ас қайырғанда Табақтар үстелдін үстіндне тұру керек бе?

+1 дауыс
4.0k қаралым
Мені бір сұрақ көптен бері мазалап жүр. Ас қайырғанда Табақтар үстелдін үстіндне тұру керек бе? әде жинап тастап, бос дастарханға ” бата “жасайды ма? Қарағанды жақта табақты алмайды . Ал Павлодар жақта табақты алып кетып ,шашылып -төгіліп қалған бос дастарханға жасайды.Негізі асті шіп жеген сон Үй иесі мен , асқа рахымет  ( Бата жасау, Ас қайру,Құран бағыштау) айту керек сияқты!!!
Салт-дәстүр туралы

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Нұрлы,өте жақсы сұрақ қойыпсың. Асты күнделікті немесе күнделіксіз деп бөлуге болмайды, астың аты ас. Қай уақытта болса да мұсылман адам астан соң ішкен-жегенін аруақтарға бағыштап бата жасау біздің халқымыздың озық үрдістерінің бірі. Негізі батаны дастарханнан  табақты алып кетпей тұрып жасаған дұрыс деп ойлаймын, себебі біз ас қайырғанда батаны тамаққа жасаймыз,сондықтан табақтың болғаны дұрыс. Мысалы бір үлкен қариядан үй егесі баласына бата сұраса баласын шақырып қарияның алдына отырғызады емес пе, батаны баласын шығарып жіберіп сұрамайды ғой, бұл да сол сияқты.
Көп-көп Рахымет! Меніңде айтқым келгені осы еді.Табақтарды акетып жатқанда Маған ауыр тйеды..
0 дауыс
Сен қандай кездегі ас қайыруды айтып тұрсың? күнделікті астан кейін бе әлде бешбармақ жегеннен кеінгі ас қайыру ма? Маңғыстау жақта екеуінде екі түрлі асқайырылады, күнделікті аста бірінші ас қайырылады содан соң ыдыс аяқтарды жинайды. Ал бешбармақ жегенде тамақтан кейін сорпа ішіледі, содан ыдыс-аяқтарды алып кетеді, сосын ас қайырылады.
Күнделікті Ас қайырғанда бетіңді сипап тұрып кете береруге болады ғои.Ұлкен жиындарды айтам! Кеше ауыз-ашарда болдым,,, тағы солай болды.Сорпа берілген соң.  Әиелдер жағы   бәрі десем болады   тік тұрыпкеті , үстелды жйнау үшін Негізі Бата жасалмай НЕ Құран оқылмай Үстелден тұрмау керек емес пе? ал бос кесе артық заттарды  үстелдің бір шетіне жйып қоя тұрады.Сосын Ер адамдар Ұлкен кісілер түрып кеткен соң Әиелдер асықпай жйнап алады.Барлықтарыныздарда Табақтан Ас шып жүрсіз дер, Кімде қандай ой бар! Ортагға салыныз даршы.
Біз жақта солай, сорпа ішілгеннен кейін келіндер келіп табақты сәлем беріп, алып кетеді,сосын ас қайырылады
0 дауыс
Және ас қайырғанда Маңғыстауда дастархан басынан пышақты және перецті алып тастайды!!!
127,681 сұрақ
322,186 жауап
153,247 пікір
72,702 қолданушы