ЕНТ емес, ҰБТ деп жазсаң дұрыс болар...
Қазір нешінші сынып оқисың? Қазірден ақ дайындала бер... Ең бірінші шығын уақытты қысқарт, яғни: (!)
-Компьютер алдында ұзақ отырмау, оның ішінде интернетте;
-Достарыңмен көп қыдыра бермеу;
-Сабақта жан-жағыңа қарап әңгіме дүкен құруды тоқтату.(бәрінің басында өтеді) Тек сабаққа зейін қою;
-Пайдасы тиер тимес қоғамдық жұмысқа қатыса бермеу; (КВН, қыз сыны, көктем-қыс-күз аруы, бұрымды ару) Осыда жетіп қалар... Содан кейін баста. Күнделікті өткен сабақты үйде міндетті түрде өзің қайтала. Тестпен жұмыс жаса. 2010-2011-2012-2013(біріріп кеткен бітірушілерден арзанға аласың)))-2014 тің тест кітапшаларын ал, күнде бір нұсқаны шығар(2000жылғы матемнен тест жақсы)... түсінбеген, шығармаған есепті не тапсырманы мұғалімдерден сұрауды естен шығарма.