Біріншіден, ойыншыны сатып алу үшін Моуриньо ақша ұсынбайды. Қаржыны Флорентино Перес ұсынады. Екіншіден, клуб ойыншы сатып алу үшін ФИФА президентіне ақша бермейді. Үшіншіден, ойыншының "Реалға" келуіне ұлттық құрамадағы бапкерінің еш қатысы жоқ. Клубаралық келісім жасалады.
Ал Мессидің "Реалға" ауысуы мүмкін деген ақпарат туралы айтсам, бұған дейін аргентиналық ойыншының бір емес, бірнеше рет "Барсада" қалғысы келетіні туралы сұхбаттарын оқығанмын. Алайда "Барселона" сапында да, "реал" сапында да ойнаған Фигу, Роналдоларды еске алсақ, бәрі де мүмкін. Тіпті "Реалдың" "мәңгілік капитан" атағына ие болған ойыншысы Раульдың өзі мадридтік "Реалдан" кетемін деп ешқашан ойламаған болатын. Жозе келді де, біраз нәрсені өзгертіп жіберді. Сол сияқты Мессидің "Барселонада" мәңгі қалатынына 100 пайыз сенуге де болмайды.