Келісем. Мен өзімнен 2 жас үлкен бір қызды қатты ұнаттым. Ол да мені ұнатты. Бірақ қыздар жасқа көп көңіл бөледі ау дейм. Түсінем, елдің өсегіне қалған қиын ғой. Сөйтіп арамыздағы тәтті сезімді қимай қоштастық. Енді оны ұмыта алар емеспін. Айтыңыздаршы! Махаббат жасқа қарауы мүмкін бе? Енді ол менімен дос болып қалғысы келеді. Не істесем екен? Дос болып, онымен сөйлессем бәрібір елеңдеп тұратын сияқтымын. Әлде біржолата араласпай кеткенім дұрыс па??