+1 дауыс
1.0k көрілді
Міне енді кешікпей 1-қыркүйек, жаздай кітап бетін ашқан жоқпын. Тіпті ашуға желание де жоқ. Қалай өзіңді дайындалуға заставить етуге болады и вовще дайындықты неден бастау керек.
Айтпақшы бейімдеуші пән: Биология

2 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЛУДЫҢ БІР ТӘСІЛІ

• Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
• Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
• Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.
• Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.
• Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
• Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.
• «Достықта» берілген ҮТТлерді уақытылы орындауға тырыс. Әрі апта сайынғы тестілеуден қалма!
• Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.
• Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.
0 дауыс
КАТТЫ КИНАЛМ,озине сенимди бол
...