Лондон олимпиядасының чемпионы болған Зульфия!!!!!!!

+2 дауыс
2.1k қаралым
Өткенде ғана Қазақстан атынан шығып алтынға ие болған Зульфия қай жақтықы???Ол қазақша сөйлей алмайтын сиақты,теледидардан сөйлегенде бержағынан қазақша аударған болатын.Сол туралы мәлімет берсеңіздер......
Спортшылар Белгісіз

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Зүлфия Салахарқызы Чиншанло 1993 жылы 25-ші шілдеде туған. Этникалық дүнген қызы Қазақстан жерінде туып, кейін ата-анасымен Қытай жеріне көшкен. Он жасынан бастап, ауыр атлетикамен айналысқан. 19 жастағы ауыр атлет 2008 жылдан бері ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшесі.
көп рахмет..............................
оқасы жоқ
Зульфия Қарындасымыз Орысшада білмейтін көрінеді!
Білмедім)))))))))))))))))))))))))))))))))))
ия солай көрінеді шамасы
+2 дауыс
*Зүлфия Салахарқызы Чиншанло*
Зүлфия Салахарқызы Чиншанло 1993 жылы 25 шілдеде Алматы қаласында туған. Қазақстандық ауыр атлет, 2009 және 2011 жылдары әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Дүнген. Әкесі - Чиншанло Салахар, кәсіпкер. Дүнген және орыс тілдерін біледі.
2008 жылдан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде қос сайыстан 219 кг жиынтығын жинаған әлемнің ең жас чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009). XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).
2011 жыл Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында әлем 53 кг салмақ дәрежесінде 227 кг (97+130) нәтижемен әйелдер арасында жаңа әлем рекордын тіркеп алтын алды.
2012 жылы 29 шілдеде Лондонда өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындары 2012-де 53 кг салмақ дәрежесінде қос сайыс бойынша 229 кг нәтижемен жаңа әлем рекордын орнатты.
<img src=" border="0" />
рахмеет........................................................
127,658 сұрақ
322,111 жауап
153,245 пікір
72,688 қолданушы