Елдігіміз бекем, бірақта мені мазалайтын сауал мыналар. Келешек тізгінді ұстайтын жастарымыз жайлы. Көпке топырақ шашпайын ибалы да иманды патриот жастарымыз баршылық. Көңіл қыңжылтатыны басын көпшілігі тілінен, дінінен безгендер.
Дискотеканы мешіт деп ойынхана мен сауықхананы үйім деп, шет елдің әуеніне иіліп, телехикясына жылап жатқан жастардан не үміт, не қайыр. Шылымға басын иіп, есірткіні сүйіп, салиқалы қарияны теуіп жатқан ұрпақтың түрі мынау. Бірін-бірі жүзге бөліп, түнгі көшені кезіп, иттей үріп жатқан болашақтың жүрген жүрісіне мойын бұрып қараңыз.
Арын ақшаға сатқандарды атап айтпасақта мына қоғамға белгілі.
Келер ұрпаққа насихат, ақылын беретін ақсақалың анау, құранды емес шарапты дос етіп, баласымен жасты қызбен төсектің дәмін татып жатыр. Балық басынан шіріп жатса, аңғал ұрпағың не болмақ.
"Сырты бүтін , іші түтін"- деп осыны айтса керек. Жастар ойланайық, толғанайық. Қазақ дейтін айбарлы елдің намысын еш уақытта таптатпайық.