+1 дауыс
21.7k көрілді
"Модерато"р деген кім, және Модератор қалай болуға болады ?

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Ережемен танысып шықсаңыз бәрі түсінікті болады. Әзірше мынаған риза болыңыз.

Модератор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

Модератор дәрежесіндегі қолданушылар жоғарыда айтылып кеткен барлық мүмкіндіктерге ие, және сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдай алады, және қолданушылардың IP-адресін көре алады. Модераторлардың жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: Сұрақтарды сайт ережесіне сай өңдеп, ережеге сайт келмейтіндерін жасырып отырады. Қолданушыға тиісінде ескертулер беріп отырады, нәтиже шығармаған қолданушыны сайттан белгілі бір уақыт аралығында құлыптауқа құқылы. Сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдап отырады. Сайттағы сұрақтардың мағынасына үлкен мән беруі қажет.


Модераторлар сайт әкімшілігінің негізгі бөлімін құрайтын болғандықтан сайтқа байланысты маңызды шешім қабылданар алдында модераторлар өзара дауысқа салу арқылы қабылданады. Модераторлар қолданушыларды Редактор не модератор дәрежесіне ұсынар алдында өзара дауысқа салып, шешім қабылдау қажет.


Ескерту: модератор не супер модератор дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда және ешқандай сұрақ не жауаптарды өңдемеген жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны редактор дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және модератор дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.
+1 дауыс
Бір сұрақты толтырып қоя беріпсіз ғой
https://surak.baribar.kz/37369/
...