0 дауыс
16.6k көрілді
"Қарамық"ауруын үй жағдаиында қалай емдеуге болады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл кесел кезінде қызылшаға қарағанда ірілеу қоңырқай қара түсті бөртпе шығады. Қарамық шыққанда да домбырада күй немесе қобыз сарынын тыңдатқан өте пайдалы. Бала ауруынан айыға бастағанда қарамықтың беті қотырланып, түсе бастайды. Жазылған қарамық орны ақтаңдақтанып белгілі болып тұрады, бірте-бірте білінбей кетеді. Көнекөз әжелердің айтуынша, қызылша, қарамық адамға өмірінде міндетті түрде бір рет шығады, біреуге бала кезінде шықса, біреуге ересек болғанда шығады.
Қалампыр немесе пиязды шайнап, баланың бетіне үшкіріп бүрку немесе қара қойдың өкпе-бауырымен қағу да бала ауруна қарсы жасалатын шаралар қатарында. Кейде баланың кіндігі бүртиіп шығып кетсе, жылқының құмалағын басып жазатын болған. Құмалақты аларда «өзіңнен өзгеге ем бол», деп алады. Баланың аузы уылса, кірпінің инесін күйдіріп, күлін аузына себеді. Баланың кіндігіне суық тисе, кіндігінің түбі аздап суланып, іші торсылдап кеуіп кетеді. Іші кепкен бала мазасызданып, ұйқысы қашады. Мұндайда баланың әжесі бас бармағын суға пісірілген жұмыртқаның сарыуызына араластырылған күйемен шылап, баланың кіндігін сағат тілімен солдан оңға қарай бұрайды. «Менің ұолым емес, пірім бибі Бәтиманың қолы,шипасын тигізе гөр», деп тілек сөздер айтады. Осылай үш рет қайталайды [4].
Жаңа туған сәбиді қырқынан шыққанша маймен сылап, денесін уқалай отырып, аяқ-қолын созады. Баланың денесінде болатын майда тікенектен баланың мазасы кетіп, ұйқысы бұзылады, яғни тікенек баланың арқасына шым-шым батады. Мұндай тікенекті қолының ұшымен сезетін әжелер, баланы ет-бетінен жатқызып, жұқалап маймен сылап, сипалау арқылы тікенекті алады. Тікенектен арылған бала ұзақ ұйықтайды. Баланың кұлағына суық тиіп ауырғанда, қазанды ысытып, тарыны қуырады. Қуырылған тарыны ыстық күйінде мақта матадан тігілген кішкене қалтаға салады. Баланың суық тиген құлағын төмен басып жатқызып, тарыны құлағына тартады. Мұндай емдеуді өмірден тәжірибесі мол әжелер атқарады. Баланың тамағы баспамен ауырса, саусағын күйеге шылап, тамағын басады. Сондықтан ол баспа ауруы деп аталған. Егер іріңдеген болса, саусағын күйе шылап іріңді жарады. Күйеге шылайтын себебі, жарылған ірің ішке кетпей, күйемен бірге сыртқа шығады деп есептеген
http://densaulyk7.delo.ws/haly%D2%9Bty%D2%9B-m/          осы жерден алынган!!!!!!"

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 2.06.2020 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...