Мысалы, 1961 жылы жарық көрген Уэбстер сөздігі ағылшын тілінде 450 мың сөз бар деп көрсетсе, 1992 жылғы Оксфорд сөздігі Шекспир тілінің сөз қорының 500 мыңнан асқандығын паш етті. Бүгінгі күні баспадан шығып жатқан сөздіктер таза ағылшын тілінің «байлығы» 750 мыңнан асқандығы туралы ақпарат береді (бұл басқа ағылшын тілінде сөйлейтін елдерді есептемегенде!). Қазіргі неміс және француз тілдерінде әр түрлі деректер бойынша 185 мыңнан 450 мыңға дейін сөз бар көрінеді.
Бүгінгі қазақ тіліне келетін болсақ, 1953 жылғы академиялық сөздік оның қорын 180 мың деп межелесе, 1972 жылға қарай оның ауқымы 2 миллион 550 мыңға дейін өскен (барлық сөз формалары мен тіркестерді қосқанда)