Телефонның экраны, құралдың маркасына емес жасалған дисплейдің технологиясына тікелей байланысты. Мына Nokia-ның экраны жақсы, ал мына Samsung-тікі жаман дей беретін болсақ әңгіме аяқталмайды. Осы таңда тусі, оміршеңдігі, ыңғайлылығы жағынан алдыңғы орында тұрған экран - Retina Display (Apple қолданатын) және Super AMOLED (Samsung, HTC) экрандары. Apple (iPhone, iPad) қолданылатын экранның өзіндік бағасы қымбат, бірақ сапасы керемет. Ал AMOLED экрандар бағасы жағынан салыстырмалы түрде арзан болғанмен, тустерді жеткізу, электр қуатын үнемдеу жағынан Retina Display-ге жетпейді. Мысал ушін кез келген электроника дукеніне барып IPad-тар пен Samsung планшеттерін шұқылап көрсеңіздер болады
Қарапайым ұялы телефондарда кейінгі кезде AMOLED дисплейлері көп қолданылады. Сондықтан қандай телефон болмасын AMOLED экраны бар ұялы байланыс құралын алуға болады. Бірақ не дегенмен егер қалта қалың болса iPhone алған дурыс болады. Оның дисплейі ең сапалы болып есептеледі.