МАЙМЫЛ ҚАЛАЙ ЖАРАТЫЛДЫ?
Қайран, Маңғыстау - «Басын Әз әулие бастаған 360 әулиелі киелі Маңғыстау». Ұлы Жаратушы — Алланың қалауымен Адамзаттың ұлы мәдениеті Маңғыстаудан бастау алған болатын. Адам баласының бүкіл әлемге үлгі болған ең ұлы мәдениеті Манқыстаулық МАД (МӘД) патшалығынан басталып, осы есім бүкіл әлемге Мәдениет деген «авторлық» құқықпен жалғасып кетті. Себебі, сол Ұлы Аталарымыз қоршаған ортамен, табиғатпен тығыз байланыста болып, кірігіп, тұтасып өмір сүрген. Және өздерін солардың ажырамас бір бөлшегіміз деп түсінген. Олардың күнделікті хал-қарекеті де, өмір сүру стилі де – бәрі де табиғатпен үйлесімді болған. Кез-келген тіршілік иелеріне, тіпті өсімдік пен ағаштарға да құрметпенен қараған.
Күні кешегі бала кезіміз. Каспий теңізі жағалауында балықтардың ірісі бар, кішісі бар жағаға өте жақын жерде қаптап, өріп жүретін. Қолымыз сәл босаса теңіз жағасына барып сол балықтарға қызықтай қарайтынбыз. Ал, қазір оның бірі де жоқ. Адамдардың шектен тыс озбырлығынан балықтарда күрт азайған. Азғантай аман қалғандары жағаға жақындауға қорқатын болған. Суға адам көлеңкесі түссе болды дүркірей қашады.
«Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға қойылған». (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
2015 жылдың басы. Қазақстан теле арнасы өткен жылы Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде (Маңғыстау мен Атырау облыстары аймағы) 100-ден аса браконьерлердің ұсталғанын және олардан тонналаған қызыл балық, уылдырық тәркіленгенін жариялады.
Ары қарай арна тілшісі браконьерлер жайлы қысқаша шолу жасады. Сөйтсек, олардың барлығы дерлік көрші елдердің, әсіресе Ресей, Әзірбайжан елдерінің азаматтары екен. Олардың айтуларынша қазіргі таңда Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аумақтан басқа өңірлерінде қызыл балық (бекіре) қалмаған. Бәрін аулап бітірген көрінеді.
Ал, Қазаққа тиесілі аймақта Ата заңымызбен қызыл балық аулауға қатаң тыйым салынған. Еліміздің заңына, оны қорғайтын әскери-теңіз шекарашыларына риза болғаным сонша, осы ойымды Сіздермен бөліскенді жөн көрдім. Себебі, біздің теңізші-шекарашыларымыз браконьерлермен ымырасыз күрес жүргізуде екен. Қарсылық көрсеткендеріне ешқандай аяушылық жасамаған. Кемелерін суға батырып, жандарын жаһаннамға аттандырған. Ресейдің қарсылық нотасына «пысқырып та» қарамаған.
Маңғыстаулықтар осы игі істің алдыңғы шебінде атауы Алланың қалауымен, Елбасымыздың арнайы бұйрығымен қойылған «БЕКЕТ АТА» әскери-теңіз кемесі тұр деседі.
Осы орайда балықтар жайлы ежелгі шежіре-тарихқа жол бергенді жөн көрдім.
Қазақ та, жалпы бүткіл түркі халқында (Азия құрылығында) тұқымды қыздан таратпайды, ұлдан таратады. Ал, Европада, мысалы еврей халқы ұлдан туған баланы жатсынып, еврей әйелден туғанды нағыз еврей санайтындарын көріп жүрміз. Олардың күні бүгінде бүткіл әлемге гендерлік саясатты тықпалап жүргендерінің басты себебі де осы. Ата жолын ұстанушылардың басты кейіпкерлері қазақтар болса, Ева (дева, әйел, қыз) жолын ұстанушылардың басында Еваның ұрпақтары (еврейлер, европалықтар) тұр. Бүткіл жер шары елдері арасындағы қарама-қайшылықтың (антагонизм) бастауы осы екі елдің, екі құрылықтың, яғни Азия мен Европаның ұстанған жолы мен мәдениетінен басталады.
Қазақ халқының тек қана өзіне тән салт-дәстүрі, ата-бабаларынан бері келе жатқан әдет-ғұрпы бар. Олар жәйдан-жәй негізсіз шықпаған. Ол Ұлы Жаратушының адамға берген ең ерекше сыйы санасының арқасында, табиғат пен адам жанының рухани әлемімен, тәнімен байланыса келіп, қорытынды арқылы шыққан дүние. Әр қайсысының түбінде адам жанын тәрбиелеуге негізделген ізгі ниет бар. Осылар арқылы біздің қандай ұлт екеніміз ашылады. Халқымыздың біріншіден, тілі, салт-дәстүрі, ділі мен діні, одан кейін барып, тарихы арқылы ұлттық бейнесі көрінеді. Әр елдің салты өзіне ғана сіңісті, өзіне ғана жұғысты, тек сол елдің өзіне ғана сай келеді.
Біздің салтымызды орысқа салса, оған жұқпайды, немесе орыстың салтын бізге салса ежелгі ізгі ниетіне сәйкес келмейді, сондықтан ерсі көрінеді.
Басын еврейлер бастаған батыстықтар (Европа) қазақтың Адам атадан басталатын Ата салтын жоққа шығару үшін, адамдарды «маймылдан» таратқан Дарвиннің «ілімін» басшылыққа алды. Өздерін өздері «Ұлы орыс халқы» деп дәріптейтін орыстар да ата-тегін, Адам атадан емес «маймылдан» таратып, өздерінің барлық мектеп оқулықтарында осылай деп жазды. Соларға еліктеген біздің орыс тілді билік те осы жолды ұстануда.
Бір қызығы, сол Дарвиннен бері бірнеше ғасыр өтсе де, Дарвин «ілімін» шындық деп қабылдап, басшылыққа алушылар, содан бері қаншама сынақ жасаса да әліге дейін бірде-бір маймылдан адам баласын жасай алған жоқ. Жасай да алмайды. Ал адамнан маймыл жасау оңайдың оңайы, ол Алла түгілі кез-келген адамның қолынан келеді. 200-300 гр. спирт ішімдігі немесе аздаған есірткі зат берсең бес минутта өз «абыройына» өзі қарап күліп отыратын маймыл мен өз баласын өзі жеп, өз нәжісіне өзі былғанып жататын шошқаға айналасың. Себебі, маймылға сана бере алмайсың, ал адамнан сананы алып тастасаң, таза маймыл болып шыға келесің. Осыған бастары жетпеген адамды ғалым деп әспеттеу, бұл енді бес жасар баланың ісі болмақ. Бүгінгі Еуропа ғылымының «Адам танудағы» шыққан шыңының «сыйқы» осы.
Адам баласының маймылға айналуын осы кәрі Каспийдің жағасында болған деп тұжырымдауымызға толықтай негіз бар. Оған дәлел ретінде айтарымыз:
Маймылдың адамнан пайда болғаны Құран Кәрімде айқын көрсетілген.
«65.Әрі сендер өздеріңнің сенбі күніне қатысты шектен шыққандарды білдіңдер. Біз оларға: «Жексұрын маймыл болыңдар», - дедік» (Әл-Бақара сүресі. 65 аят).
Тәпсір: Исраилдықтардың бір қауымына (Айлы тұрғындарына) сенбі күні балық аулауға тыйым салынған еді. Сол күні балықтар жағаға еркін келетін. Олар торды жұма күні салып, жексенбі күні алумен сырт көзге білдірмей айла-тәсілмен тыйымды бұзған қулықтары үшін, аса ұлы Аллаһ оларды маймылға айналдырып жіберді. Ибн Касир.
«163. (Ей, Мұхаммед!) Олардан теңіз маңында болған ауыл туралы сұра. Сол кезде олар сенбі күнгі тыйымға қатысты шектен шығушы еді. Оларға сенбі күні балықтар ашық келіп, ал сенбі күнгі тыйымды ұстанбайтын өзге күндері келмейтін еді. Біз оларды бұзық болғандықтары (бойсұнбағандықтары) үшін осылай сынаймыз» (Әл-Аъраф сүресі. 163 аят).
Тәпсір: Аса ұлы Аллаһ исраилдықтарға сенбі күнін демалыс етіп, ал олардан болған бір кентке сенбі күні балық аулауға тыйым салды. Ал, сол күні балықтар жағаға қаптап келетін болған. Ауыл тұрғындарының бір бұзық бөлігі қулық істеп, жұма күні тор құрып, ал жексенбі күні балық толған торды жинап алатын болған. Аса ұлы Аллаһ оларды жазалап, маймылдарға айналдырып жіберді. Ибн Касир.
«154. ... «және оларға сенбі күні шектен шықпаңдар» - дедік» (Ән-Ниса сүресі. 154 аят).
«60. Тағы да айт (Мұхаммед) «сендерге Алланың қасында тұрған бұл сыйлықтан басқа сорақысын (яғни, сенбі күнін өзгерткендер, қараңыз: 2 сура, 65 – аят) хабарлайын ба?» - деп. Алла біреуді қарғап, оған ашуланса және олардан маймылдар, доңыздар және пұтқа табынатындар жасаса, міне, солардікі жауыздырақ орын және тура жолдан адасушылық» (Әл-Мәйда сүресі. 60 аят).
«124. Ақиқатында, «сенбі күн» - ол тек оған қатысты қайшылыққа түсушілерге арналды. Ал, Қайта тірілу күні Раббың олардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім береді» (Ән-Нахл сүресі. 124 аят).
Тәпсір: Аса ұлы Аллаһ әрбір үмметке аптаның жұма күнін бойсұнушылардың бірге жиналып, құлшылық етулері үшін бекітті. Мұса пайғамбар, оған Аллаһтың сәлемі болсын, осыны жеткізген кезде, иудейлер Мұса пайғамбарды тыңдамай, жұма күнінен бас тартып, сенбі күнін сұрап, аса ұлы Аллаһ оны оларға бекітіп берді. Ибн Касир. Бұл иудейлердің Мұхаммед пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сенбі күніне қатысты Ибраһимның жолын ұстанбайсың деп айыптауына қатысты. А. Саъди.
«3. Ақиқатында, сендердің Раббың – Аллаһ, ол Аспандарды және жерді алты күнде жаратқан» делінген (Йунус сүресі. 3 аят).
Демек, Аллаътың тыйымдарын бұзсаң осылай жазаланасың деген сөз. Ұлы Жаратушымен өлексе, аққан қан, доңыз еті, Алладан басқаның атымен бауыздалған малдың еті және арақ арам етіліп, тыйым салынды. Демек, осы тыйымдардан өзіңді тыйып, аптаның алты күнінде тынымсыз еңбек етіп, Сембі күні (жетінші) демалу Аллаһтың қалауы. Қазақ үшін Сембі сәтті күндер қатарында саналмайды. Ал, Семиттер бұл күнді сәтсіз күн деп есептемейді. Себебі, олар (бөлінушілер, бөлушілер және бүлдірушілер) осы күннің атын иемденіп отыр. Бұл күн атауының авторлық құқығы солардікі.
Түсініктеме: Айлы тұрғындары – Ай ауылының тұрғындары деген мағына береді. Ай сөзі аналық текке жатады. Адай дегенімізде Ад және Ай болып, Ай екінші буында тұр. Ад – Адам, Ай – Әйел деген мағына береді. Аспанда Ай жердің, жерде әйел ердің серігі. Ай мен Ева синоним.
Тарих тағлымы: Қазақ халқы ата-тегін білмеген жанды (елді) «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз» деп жазғырады. Ал олар өздеріңіз көріп отырғандай ата-тектерін «маймылдан» таратады. Сондықтан да, олардың ата-аналары мен жасы үлкендерді сыйлауы маймылға (айуанға) көрсетілетін құрметпен қарайлас болатыны осыдан.
Күні кешегі бала кезіміз. Дала аңдары: киік, қарақұйрық дегендеріңіз ауыл малымен (қой, ешкілермен) бірге келіп ауыл құдығынан су ішіп кететін. Ауыл тұрғындары олардың бірде-біріне тимейтін. Үстіртке шықсақ олардың далада үйір-үйір болып жосып жүргендерін көретінбіз. Архарлар мүйіздері қарағайдай болып кез-келген құздың басында қаздыйып тұратын. Ал, қазір Маңғыстау даласын қанша араласаң да «ұшқанда қарға» кездестірмейтін жағдайға жеттік.
Соңғы жылдары Ақтау қаласы көшелерінен арнайы жасақталған, астарының биіктігі жарты метрден асатын, үстіне жүк салғыштар орнатқан, төрт аяғы бірдей тебетін, тек қана дала жолдарына арналған көліктерді жиі кездестіретін болып жүрміз. Маңғыстау елді мекендерінің арасы түгелге жуық тас жолдармен жалғанған. Сонда мына автокөліктер неге керек деген ой келіп, жанар май станцияларында кездескен осындай көлік иелерінің бірнешеуін сөзге тарттым. Сөйтсем мұндай көлік иелерінің басым көпшілігі тек қана аңға шығу үшін алған екен. Маған кездескен көлік иелерінің барлығы дерлік еліміздің солтүстігіндегі көрші елдің өкілдері болды.
Қазір арқарды тек қана Оғланды тауынан кездестіреміз. Өзге өңірлердегі арқарларды аңшылар атып тауысқан дейді білетіндер. Басында олар (аңшылар) Оғланды өңіріне де ауыз салыпты. Алайда, Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол өңірден аң аулап, арқар атқандардың ешқайсысы аман қалмаған. Бірі жардан ұшқан, бірінің көлігі бұзылып, дала да қалып шөлден өлген, қалғандарының да арты ұзаққа бармаған.
Осы таудағы Бекет Ата бұлағынан 150 метр қашықтықта Атаның киік, арқар сауған жерлері бар, қазір ол жерге ескерткіш белгі ретінде лақты киіктің мүсінін жасап қойған. Әншейінде шаңыңды көргеннен қашатын киік пен арқар ыдысын алып дұғасын оқып отырған Бекет-Атаға саудыруға ыңыранып өздері келетін көрінеді.
Ата мешіті маңындағы киік, арқарлар күні бүгінде де иманы бар адамдардан қашпайды. Оларды 4-5 метр қашықтыққа дейінгі жақын аралықтан көре аласың.
Жалпы, Маңғыстау мен Үстірттегі Бекет Атаға байланысты жердің бәрінде де биік тау шатқалы, оның баурайында балдай бұлақ, көк құрақ, маңыраған арқар, таутеке. Маңғыстау мен Үстірттің өзге өңірлеріндегі архарлар мен таутекелерді аулап бітірсе де, Атаға байланысты өңірдегілерге ешкім тиіспейді. Олар – Елдіктің шебі. Елдіктің төрі. Адами қасиеттің ең биік шыңы. Оларды жауға алдырған жұрт Ел болып тұра алмайды. Намыс пен Иман ұяларын қастер тұта білмеген жан иесі қатарға кіріп, адам санатына еніп, қалтырамай жер басып жүре алмаса керекті!
Бүкіл қазақ баласы үшін ежелден аса қастерленіп бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың символы деп есептелінетін Аққу Ақтау қаласына жыл сайын келеді. Мыңдаған Аққулар Ақтаудан 20 шақырым жердегі Қаракөлді қыстап шығады. Аққуға Маңғыстауда жан баласы тиіспейді. Аққу өте ақылды құс. Олар да адамдардың жақсы-жаманын ажырата біледі. Түсі игі адамдардың қолынан дәм де татады. Ал, шағалалар тура олардың балалары сияқты, үстеріне қонып, бауырына тығылып, еркелеп ойнап жүреді.
Тарих тағлымы: Күні кеше балығы тайдай тулаған, айдын көлінде аққуы жүзген, шағалалары асыр салған Каспий қандай бақытты еді! Адамдары иманды, мәрт, арлы да, айбынды еді. Қырын да ақбөкені селдей жөңкіліп, Ақтауы мен Қаратауының шыңдарында мүйіздері қарағайдай арқарлары қасқайып тұратын. Бүгін міне күн санап соның бәрі құрдымға кетіп барады. Маңғыстау мен Аққулы Ақтауға сол күндер қайта айналып келер ме екен!
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау