Жанара, барлық жігіттер демей - ақ, қояйын, жігіттердің намысына тиіп кетпесін, бірақ, кейбір азаматтар өз махаббаттары үшін күрескісі келмейтіні рас. Соны мен де кейде ойлаймын, неге бұлай деп. Меніңше, олардың кейбіреулері статистика бойынша, қыздардың ер балалардан көбірек екендігін біледі, содан егер бір қызды жақсы көреді, соңынан қалмайды, бірақ, егер де ол қыз оған "Ойланаайын" ,"КҮте аласың ба?!.." десе, "Қойшы, әрі өзінше болмасыншы, басқа қыздар да жетеді" - деп теріс айналады да кетеді. бұдан зардап шегетін жүректері нәәәәәәәәәәәәәп- нәзік қыздар ғой, сонда айналып келгенде... Мен айналамдағы жігіттердің дәл осылай ететіндігін көргенмін. Олардың сондай бір ұзақ уақыт күтуге, махаббаты үшін күресуге намысы жібермей ме, білмеймін, енді, әйтеуір, бір нәрсені жібермей тұрады.
Қазіргі, жігіттердің кейбіреулері, ұсақталып барады ғой, шыны керек. Жігіттердің шамына тиіп кетпесін, әрине, бес саусақ бірдей емес қой. Арасында сондай ИМАНДЫ, БІЛІМДІ, КӨКІРЕК КӨЗІ ОЯУ, САНАЛЫ АЗАМАТТАР да жоқ емес. Оларды көргенде, қазақ жігіттері осындай болу керек қой деген ой туады. Сондықтан, менің ойымша, түсінігі төмендеу, махаббаттың қадіріне жете алмайтын жігіттер үшін қыздардың қиналмағаны дұрыс. Өйткені, олар қыздың көз жасына тұрмайды да...
P.S. Алаш елін алға ұстар, ИМАНДЫ азаматтар көп бола берсін!