Мауке, дұрыс емес, сұрақты қайтадан оқығаныңыз дұрыс, Каспий ол Азия мен Еуропаны бөлетін теңіз екені даусыз, ал Rolman-ға ҚР-дағы қала ішіндегі өзен туралы керек...
Меніңше, Еліміздің жүрегі Астана қаласындағы-Есіл өзені...Ол солтүстік мұзды мұхитына құяды...
Сонымен қатар бұл өзен, Қазақстандағы- ұзындығы 1000 км-ден асатын 7-өзеннің қатырына кіреді..
<img src=" alt="kzakhs10.jpg"/>
Есіл - Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзен жүйесіне жатады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерімен ағады.
Географиясы
Петропавл гидроторабы, Петропавл қаласы
Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауы етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км². Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см.
сіз мұнда қажеті жоқ ақпаратты неге жаздыңыз? сұрақта бұлар сұралмаған ғой
Сұрақ қоюшы толық жауап күтіпті, баста тек 3-сөйлеммен жазған болатынмын.
Меніңше, жауабым пайдасыз емес, бұл жауабым сіз үшін пайдасыз болар, бірақ сізден кейін де қаншама адам кіреді.
Сіз пайдасыз деп тұрған жерлерде Есіл өзенінің Астана қаласын бөлетіні туралы айтылған