+3 дауыс
4.5k көрілді
Пофигист деген жаман сөз бе?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Пофигисттер пофигизммен өмір сүреді. Пофигизм - өз алдына бөлек философия!
Көптеген адамдар қандай да бір нормамен, белгілі бір қалыптасқан көзқарасқа бағынып, сол қағидамен өмір сүреді.
Бір қаражаты жоқ адамға бір көмек етесің, ол да разы сен де разы. Бірақ ол қайта қайыр тілеуі мүмкін. Тағы бересің, бірақ ол көбірек дәметеді. Бірақ сол үшін өмір сүріп жатқан жоқсың ғой. Нәтижесінде, ол да ашулы, сен де ашулы. (Бірақ нақтың қайыршыға жәрдем ету керексің деген міндеттеме қағидасы және бар). Мұңлы болмағанда, күлкілі болар еді.
Кино, музыка? Ешқашан да қайта қайта көре беретін, не тыңдап жүре беретін музыка жоқ. Жә, сыйлауға тұратын өз заманының Однажды в Америке, Крестный отец, Менің атым - Қожа, яки Битлз, Роза Рымбаева, Модерн Толкинг бар болар, бірақ олардан да жалығар күн туады, олар сияқтылардың әлі талайының дәуірі өтеді, қанша дүркіретіп тұрған болса да.
Атақ па? Құсқаным бар. Болған шығар атақты бір кездері, ал қазір: кто ты, давай до свидания! Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін дәл қазір.
Компьютер? О, осыдан бірнеше жыл ғана бұрын қымбатқа алған компьютер, қазір соңғы шыққан операциялық жүйені тартпайды, жаңа ойындарды көтермейді.
Сол бір дүние, қанша тер төгіп ақша жинап алған дүние, сол алған күннің ертеңінде, ол дүниенің одан қымбатырақ жаңасы шығып қойғаны қынжылтады.
Үлкендер? Үлкендер көп болғанымен,ересектер аз. Оның ішінде ақылдыларын саусақпен санап алуға болады. Әйтеуір, шетінен кезінде ғалым, батыр, өжет болған. Бұқаның орнына жер сүзгені былай тұрсын, жер жыртқан соқа сүйрелеген, касемоттың орнына тележкалап шөп сүйреген. Тек, көре алмаушылық кесірінен небір алғыс наградалардан құр қалған. Әйтпесе, халық қаһарманы - қасыңда тұр, ей!
[Сенім бе? Қазір...
Сенім артар тірі жан?
Жо жоқ, тірі жан әлдеқашан адамдығын жоғалтқан —
Көрсең күнде жылы қабақ танытқан.
Кім ойлаған —
Жылы қабақ бейнесімен, жалғандығын жасырған
Пәлі, пәлі
Бұған талай ақкөңіл жан алданған
Ойлапсың ба
Сын сағатта тірі жанды «жылы қабақ»
Ізім ғайым жоқ боларын, ғайыптан! вахахахаха)))))][1]

Жүрсең көшеде, бұтақбас (мүйізбас) амиголар қалыптастырған ережеге сай киініп (!), солар айтқан жолмен жүру керек. (Көлденең сөз - көтеніме, бұралқы сөз - бұтыма деуге ешкім кедергі емес) Тіпті, сол нормаларды сыйлауың керек! (Бірақ олар менің қалауымды сыйламаса, мен оларды сыйлап нем бар?!). Жоқ, мен өз қалауыммен жүрем! Өз бойымдағы инстинктпен шешім қабылдап, қалауымда жасырмаймын. Мен жасандылықты жек көремін. Мейлі, ол үшін маскалылардың көре алмаушылығына ұшырайын, бірақ маған пофигу! Барлығына түкіргенім бар, осы қасиетім үшін де мені жасампаздар емес, лаықты адамдар құрметтейтін болады. Маған бәрібір пофигу! :-)

  [1]: http://aitaber.kz/blog/blog/1281.html#comment17257
Керемет  ((:
Пофигисттік қасиетке ие болу - бақыт.
+4 дауыс
Пофигист дегенді былай ойлаймын  өзімшіл,мінезі ауырлау,ештенені ойламайтын,өзініңде, басқаныңда жағдайына алаңдамайтын,қазақша айтқанда басы ұрмайтын адам.
...