+3 дауыс
6.3k көрілді
"Ар-ұжданыма саяхат" тақырыбына эссе жазып берсеніздер!

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Ыңғайсыздау екен,сенің ар-ұжданыңа мен саяхат жасаймын ба?Оның бар-жоғын мен қайдан білейін?

0 дауыс

Иә ар-ұждан дейтін жер бармет

0 дауыс

Қазақ халқы ежеледен баланы "ұят" болады деп тәрбиелейді. Ал, ұят деген не? Ұят дегеніміз адамның өз іс әрекетінің орынсыздығын ұғу.Сонымен қатар, намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Ұяты бар адамды арлы, намысшыл деп айтады. 

"Шәкәрім" энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: "Ар - адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар", - дейді.

Ар ұждан адамның жан дүниесінен астап алып, оның Отан, отбасы, бауыр, қоршаған орта мен табиғатқа деген кіршіксіз сезімінен байқалады. Қазақта "Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы" деген мәтел бар. Бұл арқылы адам жан дүниесі армен өлшенгенін байқауға болады. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар-ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз.

Осындай анықтамаларды оқи отырып, мен қаншалықты арлы адаммын деген сұрақ туады. Ұятты адамның әрекеті ең алдымен өзгеге деген көмек қолын созып, ашықтық танытып, өзге адам баласына құрметтен басталады. Мені бала кезден "үлкенге құрмет көрсет, үлкенді сыйла, табиғатты ластама", деп үйретті. Табиғаттың баласы, жер ана деп тәрбиеледі.

Бүгінде менің оларға сыйластық таныта білуім, жанашырлығым, әрекетімді ойланып іске асыруым менің дұрыс бағытта екенімді білдіреді.

Ар-ұждан дегеніміз адамдықтың өлшемі. Адам болу үшін үлкен нәрсенің керегі жоқ, бәрі кішкентай заттан бастау алады. 

...