негізі қалай болса да тиімді тиімсіз жақтары болады! ҰБТ керек! ол талапкердің білімін жүйелі түрде сұрыптау үшін берілетін сынақ. одан жоғары балл жинап қалаған ЖОО-ға түсіп кетуіңе болды. біздің қазақ ағайыншылдық деген бәлесін қойса, қазір елімізде жастардың барлығы дерлік сауатты болар еді! енді заман мен адам өзгерген соң жағдайымыз осы халге жетті емес пе? әркім өзі үшін, абыройы үшін, көздеген мақсатына жету үшін неге болса да баруы мүмкін! қазір әділ түрде жлоғары балл жинап жаткандар саусақпен санардық! оны барлығы біледі! елімізге тиімді болар еді, тек осы тестілеу әділ жолмен өтсе, әділ болу үшін о аста мектеп табалдырығынан бастапжақсы оқу керек! ол мұғалім мен оқушыға және бір жағынан ата анаға байланысты! жыл сайын бұл тест алынып, өзгерістер болады деген сыбыстар естиміз; бірақ ҰБТның өмірі ұзақ болатын сияқты! егер талапкерлердің бардығы әділ түрде балл жинамайтын болса, келешектегі елімізді көз алдыңызға елестетіп көрші! әйтеуір нанын өзі тауып жүрген жұмысшылар жүретін шығар! мен бұл сұраққа жауап бергенімде ойымды қысқаша жаздым! дегенмен, бұл туралы менің айтарым әлі де көп! ең бастысы еліміздің болашақ көшбасшылары білімді, сауатты болса деймін!!!