+6 дауыс
366 көрілді
Қалай екен?

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Телефоным Nokai6700. Астана мен Алматы орталықтарында 3,5 деп көрсетіп тұрды. Active GPRS арқылы интернетке қосыламын. Әдеттегі EDGE жылдамдықтан айырмашылығы бірден сезіледі. Телефон арқылы youtube видеолары жылдам жүреді, әрі сайттар тез ашылады.

Дегенмен, интернет жылдамдығының артуы салдарынан мәлімет тұтыну да көбеюеді. Нәтижесінде GPRS пакет тез бітіп қалады :)

Телефонымнан бейнеқоңырау жасалынбады. Бірақ Алматыда Фурманов бойында досымның телефонымен тексергенде (Nokia 6500) бейнеқоңырау жасадық. Камера телефон дисплейінің үстінде болғандықтан алыстан тұрып сөйлестік. Негізі бейнеқоңырау үшін наушник керек екен.

Байқағаным, 3G қолданған сайын телефон қуатты көбірек жұмсайды. Телефон қуаты тез сарқылады :)

Душанбеде 3G бұрыннан бар. Жұрт оны бейнеқоңырау үшін қолданғанын көрмедім. Уақыт өткен сайын қалыпты жайтқа айналмақ. LTE-ді (4G) тексеріп көрмек ойым бар.
+1 дауыс
Шымкент қаласына әлі келген жоқ. Келсе байқап көрерміз. Енді қанша дегенмен 14 Mb/сек ақпарат жіберіп қабылдау дегеніміз біз үшін шынымен де таң қаларлық жағдай болғалы тұр. Әзірге Астана, Алматы, Атырау  қалаларында қолданысқа еніп жатыр. Ендігі жылы 20 қаланы бірденен 4G байланыс түрін ұсынса нұр үстіне нұр болар еді. Бағасы жағына күмәнім бар. Уақыт көрсетеді.
+2 дауыс

Бірақ Алматыда Фурманов бойында досымның телефонымен тексергенде (Nokia 6500) бейнеқоңырау жасадық

 

нокиа 6500-дің алдыңғы панелінде камерасы жоқ қой. онымен қалай бейне қоңырау жасадыңдар????

Асекеңнің айтып отқаны Nokia 6500 Slide.
Nokia 6500 classic пен Nokia 6500 де алдыңғы панелінде камерасы жоқ
...