Программаны ашпайды, оны жасайды. Алдымен, жүйелі алгоритм (план) жасап үйрену керек. Алгоритм жасаған кезде, сатылы қадамдардың орындалуында тиімді логикалық тапқыр шешімдер жасау арқылы қызықты туынды жасауға болады. Алгоритмді жақсы құру үшін, әлбетте іздеу жүйесінде көптеген орысша, ағылшынша материалдар бар. Кейін, бағдарламалау тілінің не екенін түсіну үшін, Pascal сияқты жақсы бағдарламалау инструменті бар. Ол арқылы қарапайым математикалық есептерден бастап, күрделі операция орындайтын бағдарлама жасауға да болады. Бірақ ол командалық бағдарламалау тілі, кейін визуалдық бағдарламалау тіліне көшу жақсы. Мәселен, Delphi, c++, c# т.с.с. Бүгіндегі қолданыстағы бағдарламалардың көбісі с және c++ (екеі бір тіл, тек екіншісі кейін шыққан, артықшылығы қосымша командалар және тағы қосымшалар) тілдерінде жасалған. Міне, өстіп осы бағдарламалау тілі арқылы қарапайымнан жақсы бағдарлама жасап шығаруға болады.
Бағдарлама жасау кезінде, қазіргі рынокқа пайдасы тиетін (мәселен экономикалық, есептеу және ИП, ТОО жұмыстарын жеңілдететін есептеу, тіркеу сияқты автоматтандыру бағдарламалары) бағдарлама жасап, оны авторлық құқықпен бекітіп, сатып пайдасын көруге болады. Және бұл үшін арнайы дипломның қажеті жоқ, бар болғаны жүйелі мақсат пен талпыныс, ізденіс. Іске сәт.