Құрметті достар! менің сіздерге айтар уәжім бар, лаж болса қарарсыздар....

+1 дауыс
633 қаралым
Құрметті найзасының ұшына үкі тағып, ұлдарының басына тұлым жіберіп, ата-бабадан мирасқа қалған салт-дәстүрді берік ұстанған АЛАШтықтар. Мен өзім Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатының 11 сынып шәкіртімін.  өздеріңіз аккуантымнан көрген боларсыздар, бос уақытымда өлең жазамын, қоғамдық жұмыстармен айналысамын.  бір жыл бұрын мектептік шығармашылық-танымдық журналының жобасын қолға алған болатынмын. журнал алғашқы жылы тоқсанына бір рет оқырман қауымға жол тартып отырды. журналдың ұжымында Бас редактор, редактордың орынбасары, 2 қазақ тіліндегі және 2 орыс тіліндегі тілшілер, 2 корректор  ерікті түрде жұмыс атқарып жүр. мен Бас редактор және жоба авторы әрі жетекшісі ретінде ұжымымды аз да болса ынталандыруға тырысамын. алайды, шолақ көрпені ары тартсам аяғыма жетпейді, бері тартсам басыма жетпейдінің кебін кешудемін.  менің журналымның ұжымының шамамен 37 пайызы зағип жандар, ал қалғанының көздері нашар көреді. журналдың шығару барысына келер болсам, ұжым жиналып кәдімгі ақ-қара принтер арқылы  А 4 форматтағы ақ қағаздың екі жағына басамыз. ал аталмыш жұмыстың көп маңдай терді қажет ететінің барлықтарыңызға аян болар.
тағы да айта кетер жайт, біздің ұжым қала бойынша жалғыз болып саналады. мұндай көлемді журналды әлі қаладағы ешбір мектептің тәлімгерлері қолға алмады. біз мұны, әрине, мақтан тұтамыз!
енді Сіздерден өтініп сұрарым, қолдарыңыздан келгенше маған және менің ұжымыма көмек беріп, қолдарыңыздың ұшын созып қолтығымыздан демеп жіберсеңіздер екен.
мен журналдың бас редакторы, жоба авторы әрі жетекшісі ретінде сіздердің хабар-ошарларыңызды төмендегі мекен-жайлар бойынша күтетін боламын:
050042 Алматы қаласы, Ладыгин көшесі 33,
Білім басқармасына қарасты Н. Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернаты. "Мектеп айнасы" мектептік танымдық-шығармашылық журналының редакциясына.
байланыс телефондарымыз:
8 727 309 65 98 (вахта)
8 727 309 65 97 (қабылдау бөлмесі)
8 702 629 2866 (бас редактор Думан Дубекұлы)
8 771 456 9010 (бас редактордың орынбасары: Кеңес Асхатұлы)
факс:
8 727 309 65 97
электронды почтамыз:
[email protected]
[email protected]
[email protected]
[email protected]
[email protected]
[email protected]
[email protected]
Өмір, Тіршілік Белгісіз

1 жауап

0 дауыс
сізге қандай көмек керек ,не жайында көмек керек?
мен сіздерден кез-келген көмектің түрін қабылдауға әзірмін.
Мен мақаллар мен өлеңдер жазып берейін.Келісісіз бе?
Korean Boy  қолдан кеғлсе жазып бергенің дұрыс
Құрметті Отандастар!
сіздердің барлық түрдегі көмектеріңіз қажет. сіздер менен : қандай көмек керек, -  деп сұрамай-ақ  жоғарыда көрсетілген мекен-жайларға хат және электронды почта немесе факс арқылы жіберсеңіздер болды!
* Ескерту:
   жоғарыда айтылған мекен-жайларға жіберер кезде, хабарлама немесе кез-    
   келген хабарламаның басына тақырып етіп: "Мектеп айнасы журналының
   редакциясына" деген қосымшаны қосуды ұмытпаңыздар)
БІЗБЕН ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТА БОЛЫП, АЛТЫН УАҚЫТТАРЫҢЫЗДЫ БӨЛГЕНДЕРІҢІЗ ҮШІН РАХМЕТ!

Ұқсас сұрақтар

127,715 сұрақ
322,278 жауап
153,157 пікір
72,724 қолданушы