+2 дауыс
1.3k көрілді
Мәселе мынада:  Жақында компьютерім қосылмай қалды, оған себеп төмендегі суреттегі қызыл сызықпен көрсетілген жазу.



Бұрын мұндай жазу шықпастан, бірден загрузка (жүктелу) жүре беретін. Осы жазу шыққалы компьютер қосылмай, осы тектес жазуы бар терезелер шыға бастады. Бірнеше рет перезагрузка жасағаннан соң ғана, әзер қосылатын болды. Әр қосқан сайын, осы әрекет қайталана берді. Бірнеше күннен кейін компьютер бұрынғыша қосылатын болды, бірақ өте ұзақ уақыт загрузка болып тұратын. Компьютер қосылғаннан кейін, жұмыс істеу тіптен қиындап, өте жәй болып кетті. Кез-келген құжатты (.dok, .ppt) ашқан кезде де, ұзақ тұрып қалатынды шығарды. Соған сәйкес ғаламторға қосылу да қиындады, музыка тыңдау да мүмкін болмай отыр, себебі компьютер өте баяу жұмыс жасағандықтан, даусы *"ғырылдап"* шығып, тоқтап қалатын болды.
Мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасау керек, компьютердің дұрыс жасамауының себебі неде? Үй жағдайында өзім жөндей аламын ба, әлде арнайы маман шақыртып жөндету керек пе?
Сұрақтың жабылу себебі: жауабы табылмады

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
"Мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасау керек, компьютердің дұрыс жасамауының себебі неде?"
Егер қаражатыңыз бар болса, онда маман шақыртқан уақыт ал кейде нерв жағынанан да тиімді.
Дұрыс жасамауының себебі, 85(%) пайыздай ол вирустың әсері!
Яғни сіздің компыңыздың жүйелік файлдары өте көп, бірақ соның бір екеуі ғана сол жүйенің бастапқы қосылуына жауап береді. Сол файлдардың бұзылуынан, ал ол файлдардың бұзылуына әдетте вирустар себепкер болады. Ол файлдарды 10 минут ішінде қайтаруға болады, бірақ компыңыз вирусқа толы болғасын, басқа да бұзылған жерлері болуы мүмкін, оларды жөндеуге көп уақыт кетуі мүмкін, сосын оның кейде керемет жұмыс істеуі екі талай. Содан кейін ескі жүйеңізді емдегеннен көрі, жаңасын орнатқан тиімдірек болады.
<br />
"Үй жағдайында өзім жөндей аламын ба, әлде арнайы маман шақыртып жөндету керек пе?"
Жоғарыда білдірткендей, бұл жағдайда бірінші мәрте байқап көру ол кейбір нәрсенің дұрыс шықпай қалуына әкелуі мүмкін. Мысалы, компыңыздағы барлық файлдардың(сурет, құжаттар) жойылуы. т.б. осылар секілді келеңсіз жағдайдың болуын ескере кеткен жөн.
<br />
Егер өте мұқият бола аламын десеңіз, бәрібір де керек адамның қол жетімді болғаны дұрыс. (яғни байланыста, қасыңызда болса тіптім жақсы). Сұрайтын нәрселер шығып қалады, міндетті түрде.
<br />
Қосымша кеңестер:
 - Егер маман шақыртсаңыз, ішіндегі керекті файлдарды сақтап қалуды талап етіңіз(сақтауға әбден болады, кейбіреулері сылтау айтуы мүмкін).
 - Компыңызды сақтай жүріңіз, яғни антивируспен.(ESET NOD32 т.б.)
 - Егер компыңыз қосылған жағдайда, жұмыс үстеліне(Рабочий стол) 200-300мб тардан жоғары салмақтағы файлдарды жұмыс үстелінен басқа дискке(Локальный диск D) салуға кеңес беремін. Сосын жұмыс үстелінде ұол жетімді болу үшін Ярлык-ін қою. (Сол файл немесе папка үстіне тышқанның оң жағы -> Отправить -> Рабочий стол.)
жақсы мәлімет, келісем. +1... Негізі менің де айтқым келген осы, біра оның бәрін жазып отыруға шыдамым жетпейді)))
Түсінікті, өзім жасай алмайтыныма көзім жетті. Әдеттегідей маман шақыртып, жөндетермін. Рахмет! :)
"Zha: Негізі менің де айтқым келген осы, біра оның бәрін жазып отыруға шыдамым жетпейді)))"
ой мені бәрін жазды деп тұрмысыз? )) Сіз мені сірә білмессіз. Барынша қысқа жазуға тырыстым. хе хе
+2 дауыс
Alt-ctrl-delete -ні бас дейді, демек сіздің виндоусыңыз ұшып кеткен. Жаңадан операциялық жүйені орнатсаңыз жасап кетеді.
Alt-ctrl-delete-басқанмен компьютер бәрібір перезагрузка жасала береді.
Компьютер сол вирустардан қатқан болар. Сосын компьютер шыдамай виндоусты вирустар ұшыртып жіберген.
Жаңадан операциялық жүйені қалай орнату керектігін жазып жіберсеңіз? Компьютерден онша хабарым жоқ еді, үй жағдайында оны жасай аламын ба?
Жоқ жасай алмайсыз. Оған арнайы лицензиялық дискі керек. Сондықтан мамандарға 4-5 мыңға салдыртуға болады, ал егер дискініз болса салудың видеоларын көрсетейін. мынау виндоус 7 ге салынады

ал мынау виндоус хр

қалған басқа сұрақтарыңыз болса қойыңыз!
Рахмет, бірақ мынаны жасай алмайды екем. :)
+1 дауыс
Переустоновка жасап көріңіз.бекер шықпайды мұндай ошибкалар ! (Мүмкін сізде комьютерде бір ауыр программа бар шығар соны көтере алмай жатқан болар )
+1 дауыс
Бірінші осы сайттан программаны жүтеп аласыз !! http://www.besplatnyeprogrammy.ru/utorrent.html  uTorrent 3.2 Сборка 27568
Скачать) Сосын мына  Windows 7   http://www.torrentino.com/torrents/307170 жерденжүтеп ал !! Осыларды Жүтеп болған сон http://biblprog.org.ua/ru/nero_free/ мына программаны жүктеп . Бұл программа Windows 7  диске жазатын прога ! И дайын болған сон Устоновит етесін !!!
Сұрақтар болса жаз !!
мыналар пираттық операциялық жүйелер.
мыналар ұшып кетуі әбден мүмкін. 1 айда кілтін салмаса экран қарайып лицензия ұшып кетеді.
активация сілтемесін берсен жақсы болады. Соның патчының сілтемесін сал сонды бәрі ОК болады:))
Жазып жібереін http://www.fayloobmennik.net/1492699 !! бірақ мына Адам бірдеме түсінетінге ұқсамайды ғой !!!
есінде болсын! мына кісі ұқпас болар, бірақ мұндай жағадайлар қайталануы мүмкін. басқа кісіге көмегі тиіуі мүмкін.Біз тек  1 кісіге көмек жасап жатқан жоқпыз.
Сыпайы сөйлеп үйреніңіз, көрсеткен көмегіңізге рахмет!
...