Отан деген не? Отан десе көз алдыларыңызға не елестейді?

+4 дауыс
76.8k қаралым
Отан деген не? Отан оттан да ыстық деген қандай мағына білдіреді? Отан десе көз алдыларыңызға не елестейді?
• Санаты: Жанұя
өңдеді | 76.8k қаралым

7 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
ОТАН - ата-ана мен бауырларың, туып өскен жерің, сол сияқты жақындарың! мен үшін Отан осылар!  "Отан- от басынан басталады!" дейді ғой,  менің ең бірінші елестетерім осылар!   және өзімнің  көптеген арман-мақсаттарымды жүзеге асыруым үшін Отаным аман болсын деймін! ОТаным үшін бәріне бармын!   Отанымның көркеюіне болашақта зор үлес қосар жастар осы кезде арамызда отыр, Отанды құрметтеу керек, ол үшін адамның ішкі менінде  өмірге  деген көзқарас ерекше болу керек!

өңдеді
+1 дауыс
Отан деген не?

Отан – адамның туып-өскен жері, ата-бабасының мекені, ұлттық мәдениеті мен тарихы қалыптасқан киелі мекен. Ол тек географиялық ұғым ғана емес, сонымен бірге адамның жүрегіндегі ерекше сезім мен мақтаныш. Отанға деген сүйіспеншілік әр адамның бойында болуы тиіс қасиет.

Отан оттан да ыстық деген қандай мағына білдіреді?

Бұл мақал Отанға деген сүйіспеншіліктің ерекше күшті екенін білдіреді. От өте ыстық және қауіпті, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік одан да күштірек. Отанды қорғауға, оның гүлденуіне үлес қосуға деген ұмтылыс адамды еш қиындықтан қорықпайтын ерлікке жетелейді.

Отан десе көз алдыларыңызға не елестейді?

Отан дегенде көз алдыма кең байтақ дала, асқақ таулар, мөлдір өзен-көлдер елестейді. Сонымен қатар батыр бабаларымыздың ерліктері, халқымыздың салт-дәстүрлері, ана тілімнің әсем үні есіме түседі. Отан – менің жүрегім, менің мақтанышым.

Қосымша:

Отанға деген сүйіспеншілік әрқашан іс жүзінде көрінуі керек. Оны қорғауға дайын болу, оның дамуына үлес қосу, мәдениеті мен тілін сақтау – әр азаматтың парызы. Отан біздің ортақ үйіміз, оны аялап, қастерлеуіміз керек.

өңдеді
+1 дауыс
Отан-ол мен ушiн бiншiден-оз уйiм, екiншiден-озiмнiн туып оскен жерiм, ушiншi ол Казакстаным! Отан десе ен бiрiншi менiн коз алдыма туган-туыстарым, ата-анам, бауырларым, достарым елестейдi. Отан мен ушiн осындай.
+1 дауыс
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Біз, Қазақстанның патриотымыз! Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, Отанда адам баласына солай ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез-келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс – күймесін»-деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қала бермек.

өңдеді
0 дауыс
Отан десе маган ен биринши Казахстан Республикасынын картасы коз алдыма елестейди. Одан кейин неге екенин билмеймин орман елестейди!
Ен кызыктысы отка секирип бара жаткан адам елестейди! "отан ушин отка тус,куймейсин"
0 дауыс
Отан деген кім десе тәңір дер ем!
Отансыз адам,ормансыз бұлбұл.
Отансыз адам қанатсыз құспен тең.
Отан десе өр көкірек жанымды берер ем.
0 дауыс
Отан дегеніміз ол туып өскен жерің, отбасың ж/е басқада достарың, жақындарың.«отан оттанда ыстық»  ,«отан үшін отқа түс демекші отанныңды қатты сүйсең жауды сол мезетте қайтарып жібере аласың ✊

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы