"Big Bang" тобы дәл бір жылдық үзілістен кейін, 2012 жылы 29 ақпанда, “ALIVE” атты бесінші мини-альбомдарымен сахна төріне қайта оралды. Альбом құрамына кірген 7 әннің сазын да, сөзін де жазған – осы топтың басшысы G-Dragon. Ал топтың басты рэпперы T.O.P. әндердің рэп бөлігін жазуға үлес қосқан. Бұл альбомның ерекшелігі – электропоп, хип-хоп, трот секілді түрлі музыкалық жанрлардың қолданылғандығында. Ішіндегі өлеңдерге келетін болсақ FANTASTIK BABY. BLUE. BAD BOY өлеңдері шыққан күннен бастап хитқа айналып, “MelOn”, “Naver”, “Nate”, “Gaon”, “Billboard’s K-Pop Hot 100” сияқты музыкалық шерулердің бірінші орындарынан көрінді. ALIVE АЛЬБОМЫ Кореяның музыка тарихындағы Америкалық атақты “Billboard 200” шеруіне енген тұңғыш альбом болды)))
