0 дауыс
756 көрілді
Құрметті сұрақ-жауап сайтының қолданушылары. Егер сіздердің араларыңызда газет шығару туралы хабары бар адамдар болса ақыл-кеңес бересіздер ме? Мен өз қалам ішінде тегін хабарландыру тарататын кішігірім газет шығарғым келеді. Ол үшін қандай үкіметке барып рұқсат алу керек? Қандай құжаттар қажет? Білетіндеріңіз болса жауап беріңіздерші. Сіздерге алдын-ала үлкен рахмет! АЛЛА разы болсын!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті

Қажетті құжаттар
Комитет арқылы жүгінген жағдайда қажет:
    белгіленген үлгідегі өтініш;
    жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын нотариалды куәландырылған құжат көшірмесі;
    заңды тұлғалар үшін -  заңды тұлға мен құрылтайшы құжаттарының мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
    мерзімдік баспа басылымын және (немесе) ақпараттық агенттікті есепке алу үшін бюджет алымына төлем жүргізгенін растайтын құжат көшірмесі;

«Электрондық үкімет» порталы арқылы жүгінген жағдайда қажет:

    электрондық үлгідегі өтініш;
    жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын сканирленген құжат;
    заңды тұлғалар үшін –заңды тұлға мен құрылтайшы құжаттарының мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы сканирленген куәлік құжаттары;
    Мерзімдік баспа басылымы және (немесе) ақпараттық агенттікті есепке алу үшін бюджет алымына төлем жүргізгенін растайтын ЭҮШ-нен құжат.

Қызмет көрсету мерзімі
өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде

Қызмет көрсету құны мен төлеу тәртібі
   
Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметке алым мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес (Салық кодексі) құрайды:

1) балаларға арналған және ғылыми тақырыптарға байланысты мерзімдік баспа басылымын және (немесе) ақпараттық агенттікті құрушы заңды немесе жеке тұлғалардан – алым төлеу күнгі қолданыстағы екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

2) басқалай тақырыптарға байланысты мерзімдік баспа басылымын және (немесе) ақпараттық агенттікті құрушы заңды немесе жеке тұлғалардан – алым төлеу күнгі қолданыстағы бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

Мерзімдік баспа басылымын және (немесе) ақпараттық агенттікті есепке алу туралы куәліктің дубликатын бергені үшін құрайды:

1) Негізгі тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген заңды немесе жеке тұлғалардан – алым төлеу күнгі қолданыстағы 1,6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

2) Негізгі тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген заңды немесе жеке тұлғалардан – алым төлеу күнгі қолданыстағы 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

Мерзімдік баспа басылымын және (немесе) ақпараттық агенттікті есепке алу туралы куәлікті қайта ресімдеу тегін жүргізіледі.

Алым төлем соммасын және төлем жүргізілген күнін растайтын түбіртек беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы, болмаса «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленеді.

Қызмет көрсетуді аяқтау нысаны
   

Мерзімдік баспа басылымын және (немесе) ақпараттық агенттікті есепке алу туралы электрондық пошта арқылы жөнелтілген сканирленген куәлігі, Өтініш беруші Куәлік алу үшін Комитетке өзі келген жағдайда қағазға басылғаны көрсетілген қызметтің нәтижесі болып табылады.
0 дауыс
тегін реклама газетін шығаруға қандай құжаттар қажет?
...