Құрметті Медетұлы Әлихан, Сізді ең алдымен негізгі мектепті бітіруіңізбен құттықтаймын! Білім әлемінде өз бигіңізді бағындыруыңызға тілектеспін! енді, сауалға келсем, жалпы мен 9 сыныптан соң түрлі кәсіптік немесе орта білімді колледждерде білім алуды қолдамаймын. Ең дұрысы 2 жыл мектеп қабырғасында білім алып, 11 сыныпты яғни, орта мектепті бітірген соң, бірақ, ЖОО- ға тапсыру тиімді. Өйткені, біріншіден, бәрібір сіздің ертеңгі алған біліміңіз орта деңгейде ғана болып қалады. Екіншіден, көптеген колледждерде грант тағайындалмаған. Сіз грантқа түсіп жатқан күннің өзінде де ол диплом ешқандай да мемлекеттік жерлерде жұмыс істеуге жарамайды. үшіншіден, колледждегі білімнің деңгейі барлығымызға да белгілі. Барлық жағынан қарастырғанда бұл тиімсізділігі басым болып шықты... Негізі, 9 сыныпты бітірген соң оқимын деген талапкер ең алдымен, білімді сосын финанс жағын жақсылап алдын ала ойлап алғаны жөн. Ең дұрысы, егер қаласаңыз, жақсылап ҰБТ- ға дайындалып, ЖОО- на тапсырсаңыз дұрыс болар еді...
Сәттілік тілеймін, бауырым!