+12 дауыс
792 көрілді
Уикипедияда мақала жазып жүр едім. Уикипдедияны ақтарып отырып, [FACEBOOK][1] туралы  мақаланы көзім шалып қалды. Содан мынандай ой келді. Осы Сұрақ және жауап сайты туралы мақала жазса қалай болады екен? деген. Енді сұрайын дегенім егер осы мақаланы жазса: Сайт әкімшілігі тарапынан қарсылық жоқпа? Және егер бұл мақаланы жазған күннің өзінде бұл мақала жарнамаға айналып кетпейме?
Егер жазуға болатын болса? Өтініш, көмектеріңіз қажет. Сайт тарихы, иесі туралы, негізін салушылар, функциясы туралы ақпарат керек. Бәріміз осы мақаланы жазуды қолға алайық. Білетін ақпараттарымыз туралы осы уикипедияға салайық. Бәріміз бірігіп өңдеп, жақсы бір ақпарат қалдырайық. Бұл бір жағынан қазақша уикипедияға қосқан азда болса үлесіміз болса, екінші жағынан қазақ тіліне деген үлесіміз болады. Және сайт белсенділігін одан әрі арттыруға көмегі болатынына сенімім бар. Қалай ойлайсыздар?


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/Facebook

4 жауап

+1 дауыс
жалпы ойың жаман емес.(40 әріптен кем болмасын)
Достар кім мағаг Патриоттық туралы мақала жазып бере алады екен өтініш Болса  Ескерту әлі шықпаған және қолданган болмаса екен!!
+3 дауыс
Алдын Википедиада СЖ-туралы ақпарат болатын. Бірақ оны бір модератор өшіріп тастаған  екен. Мен біраз уақыттан кейін толықтырмақ болып болып ашып қарасам модератор өшіріп тастапты. Қатты көңілім қалған соң онда кірмей кеттім. Одан кейін Википедиаға ешқандай мақала да қосқым келмей қалды.
<br>
Егер бастап көремін десең көмектесіп көрейін.
Сайт 10.10.2010 жылы іске қосылды.  Қазіргі таңдағы соңғы ақпаратты сайттың жоғарғы жағынан көріңе болады. Мен туралы ақпарат білгің келсе мына мақалаларға көз салып жіберсең болады. http://nurastana.kz/?p=2908  http://yvision.kz/post/263867 Қазіргі кезде ең көп қазақ тілді қолданушы тіркелген сайт болып саналады. Қажетті ақпаратты мен саған жеке поштаңа салып жазып жіберемін. Қалғанын кейін өңдей беретін боламыз.
өте жақсы! Дәл қазір бастап жіберейін онда!
http://slki.ru/kCt  Осыған қарап жазсаң болады. Кейбір толықтыруларды мен кейін енгізетін боламын.
Іздегенімде осы еді. Осыны аударайын онда. Сосын барлығын бірақ жариялайын.
+1 дауыс
Админ мырза көңідіңіз қалужың қажеті жоқ. Кейбір талаптарға сай келмеген шығар. Мысалы редактор өзі туралы, немесе өзінің сайты компаниясы туралы жазуға болмайды. Олай болған күнде мақалада бейтараптылық сақталмайды. Сізді ҚазУикиде белсенді болуыңызды күтеміз.:)

Сұрақ жауап сайтын басқа қолданушы жазған дұрыс болған екен менде мақалаға өз үлесімді қосатын боламын
Арыстанбек, ниетіңе рақмет :))))))

______________________________________________________________________
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%9B_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D0%B6%D0%B0%D1%83%D0%B0%D0%BF_%D1%81%D0%B0%D0%B9%D1%82%D1%8B
0 дауыс
Иа кермет ой жазса кермет болар еді
...