Алматы қаласында қазақ футболының ардагері Тимур Сегізбаев атындағы футбол академиясы ашылды. Бұл- елімізде ашылған тұңғыш спорт академиясы. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, академияға40 жеткіншек оқуға қабылданды. Доп тебудің қыр-сырын үйрететін білім ордасында футболдан Қазақстанның білікті бапкерлері сабақ береді. Сондай-ақ, алдағы уақытта академияға Бразилия, Англия, Түркия елдерінен арнайы жаттықтырушылар шақырылмақ. Жалпы, мекемеге жыл сайын жүзге жуық бала қабылдау жоспарланып отыр. Еліміздің кез келген баласына академия есігі ашық. Сынақтан сүйрінбей өткен таланттар тегін оқитын болады.