Иә келісем айтқандарыңмен! Бірақ бұл жерде оңтүстікте өзбектің рөлі жүреді деп айтқым келіп отырғам жоқ. Ойымды қате түсіндің. Өзбектер тумысынан қу, еңбекқор, пәле халық. Келген жеріне сіңіп, сөйлесіп кете алатын халық. Мен бұл жерде оңтүстік қазақтарын жамандап отырғам жоқ. Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді, Өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дейді демекші: өз бауырма қарсы мылтық кезейтін мен емес.... Мен кейбір сөздерді айттым: мысалы басында айтып өткен аяқ-бұяқ (ана жақ, мына жақ), арызмайды тағы басқа сол сияқты сөздер. Мүмкін бұл диалектика шығар білмеймін... Бірақ маған кірме сөз сиқты көрінеді.
Және мына астыда жазылғандарды интернеттен оқып, кірме сөздердің көп екенін екенін көріп осындай ой түйген болатынмын.
*Өзбек тілінен енген кейбір сөздер тек бір-екі аудан көлемінде айтылса, енді бірқатары бірнеше облыс көлеміне тарап кең қолданылады. Мысалы, жүдә//жүде - өте (өзб. жуда — өте, аса, ауқат - тамақ (өзб. овхат — тамақ, ас), әсел — бал (өзб. асыл - бал) мейман — қонақ (өзб. мехмон — конақ) сияқты сөздер бірнеше облыста айтылса, мұштау (өзб. муштоламок — жұдырықтау), шақтау - _ бұтақтау (өзб. шоқламоқ — бұтақтау), пісте (өзб. пыста ~ күнбағыс), бадыраң//бәдірең (өзб. бодринг - қияр), таға (өзб. тоға - нағашы) сияқты сездер өзбектермен шектес екі-үш аудан көлеміне ғана тараған.
Оңтүстік сөйленістерде өзбек тілі арқылы енген парсының -хана жұрнағымен жаңа сөз жасау амалы кең тараған. Батыс, шығыс және орталық-солтүстікте айтылмайтын айуанхана (веранда, ауыз үй), меймонхана (қонақ үй), наубайхана (нан пісіретін жер), атхана (атқора) сияқты сөздер оңтүстік сөйленістерде жиі айтылады.*[Толығырақ оқу][1]
[1]: http://portal.vkgu.kz:1010/1170/kirme%20sos.htm