Қыс уақытында көлік жуу ісі сұранысқа ие болады ма екен? Бұлар сезонный бизнес түріне кіреді шамасы.
Мен әрине, бұл саладан өте аз ғана білерім бар еді. Бірақ, пікір жаза кету артық болмас.
Мәселен, адамдармен көлік жуатын жер ашамыз деп келістік. Менде мынадай ой, мынадай ұсыныстар болар еді:
1. Орын. Оны сатып алып қажет емес, аренда тиімді болатын сияқты. Мүмкін ол жер емес, басқа жерге көшу керек болады клиенттерге ыңғайлы болу үшін. Сосын, арендадан кез-келген уақытта бас тарта саласыз, ал сатып алса, оны қайта сату жұмысы бар алатын адам іздеп. Жалпы, рискті ескеру керек. Аула кеңірек болғанын қалар едім. Көліктер уақытша тұрғанға. Ол қаланың шеткі жағы болса да болады, бастысы жолдың үсті. Мысалы, басқа қаладан келетін көліктердің жолына. Қалаға кірмес бұрын көлігін тазалап кіреді. Сосын, қаланың ішкі көліктері келіп жуынып кетеді. Оған қоса, орын болса ірі көліктерге де қарастыруға болады. Ішкі бокстар шамамен 2-5 аралығы болатын шығар шамамен. Сосын, кішкентай орын қарастыру қажет, ол жерде адамдар күтіп отырады. Іштері пыспас үшін ТВ, орындықтар, іші таза, жылы болуы айтпаса да түсінікті болар. Болашақта көліктер көптеп келетін болса, асхана ашып қоюға болады.
2. Жабдықтар. Көлік жуатын арнайы жабдықтарды енді өздеріңіз қарастыра жатарсыздар, финансқа қарай. Қазақстаннан алса, қымбаттау болады. Сондықтан, тікелей қатайдан да алдырса болады. Бірақ, тауардың гарантиясы және шекарадан растаможка жағын тәжірибелі, үлкен адамдармен ақылдасып алу керек. Есесіне, арзанырақ әрі заман талабына сай мүмкіндігі жақсы құрал болуы мүмкін.
3. Жұмысшылар. Жұмысты қадағалау керек. Кемінде 1 ай өзіңіз басы-қасында жүру керек. Егер бұрын осы бизнесте жұмыс істеген болсаңыз, тіпті жақсы. Жалпы, қандай да бір бизнеспен айналыспас бұрын, сол салада жұмыс істеп көру керек. Жұмысшылар "левый" көп жасап қояды, таныс балалардың осындай бизнесі бар еді, солардың айтуына қарағанда. Сондықтан, дисциплина, қадағалау өте маңызды. Сонымен қатар, жұмысшыларға дұрыс қатынасу да өте маңызды. Барлығы көңілге байланысты ғой, көңіл күйі жақсы адам тауды да копарады, сондықтан сыйластық, түсінушілік және талап пен қадағалай білу маңызды дүниелер.
4. Құжаттама. Салық, СЭС жағынан рұқсат керек. Жарнама сайт, газеттерде бухгалтерлер жүреді. ИП, ТОО ашып береді және квартал сайынғы салық (егер упращенка болса, егер разовый болса, оны сол бухгалтермен ақылдасып отырып шешіп аларсыздар) жағын сол бухгалтер шешіп отырады. Яғни, сіз бухгалтер жұмысшы етпейсіз, нақты салық есебін тапсыру және қандай-да бір заңнамалық кеңес сұрап отыру мақсатында ғана белгілі бір сомаға келісесіздер. Уақыт өте, ол жұмыстарды өзіңіз тындыра салуға да болады, бірақ білмесеңіз уақыт жоғалпай, абдырамай білген адамға жүгінген дұрыс.
Бизнес план. Кез-келген бизнесті бастамас бұрын, бизнес план әзірлейсіз. Соншалықты ресми болмаса да, қадағалау, есеп жүргізу бұл маңызды. Табыстың негізгі кілті. Сондықтан, бухгалтер, экономист таныстар болса, соларған көмек сұрап, интернеттен ақпарат жинап, жоспар құрған жөн.
Жарнама. Ең құрығанда, мойканың алдына үлкен баннер іліп қою керек, жұрттың көзі үйренгенше.
Сәттілік!)