Мұхтар Шаханов өзінің бір сөзінде былай депті, - ... ақын болу дегеніміз - тек қана өлең құрастырушы емес (ол оның бір ғана қыры), мүлде басқа міндет екен. Ақын болу дегеніміз - бірінші кезекте өзіңді туғанхалықтың парасат биігінмеңгеру, оның жеңілісі мен жеңісін, ғасырдың жаңбыры шайып, күні қақтаған жалаулы дәстүрін, қалаулы әдеп-ибасын, алаулы достық-махаббатын өз жүрегіңнің елегінен өткізу болса, екінші кезегі Төлеген Айбергенов айтқан азапты міндетке ойысады: "Ақын болу оңай деймісің, қарағым, аузында жүру сыздаған барлық жараның". Ағамыздың сипаттап берген ақынын қазіргі таңда міне деп басып айту оңай болмай отыр. Ендеше, ауылда жүрген ақындар болса, көпшілікке өзін мойындатқанынша, қазіргі таңның ақындарына көңіліміз толмай кете бермек.