Ел басқару оңай шаруа емес. Мойныңа артылған ауыр жүкті көтеру өте қиын іс. Ең бастысы халқыңның сенімін ақтау, елдің тұтастығын сақтау, Тәуелсіздігін сақтау, ел экономикасы, қарулы күштер, ұлт мәселесі, жастар, діл, дін, тілбюджет, болашақ, басқа елдермен қарым-қатынас .......... айта берсең ел басшысына артылған іс өте көп.
Және.........
Неге осындай сұрақ қойылса болды Нұрсұлтан Назарбаевты жер-көкке сиғызбай мақтай беруден көз ашпаймыз. Құдды бір Назарбаевсыз өмір сүре алмайтындай. Иә Назарбаевтың сіңірген еңбегі көп, бірақ қателіктеріде аз емес. Елдің экономикасының 20 жыл өтседе әлі күнге дейін шикізатты күйде дамуда. Қазақстан экономикасы мұнайға тәуелді. Елімізде тіл мәселесіде оңып тұрғаны шамалы. Еліміздің солтүстігі әлі күнге шүлдірлеп орысша сөйлейді. Қашан нағыз қазақ боламыз? Қаншама жастар бір емес бірнеше оқу бітіріп, үш-төрт дипломды қалтасына басып жұмыссыз жүр. Міне таяқтың бір ұшы жұмыссыздыққа, енді бір ұшы білімге тіреледі. Қаптаған осыншама диплом саны елімізде білім саласының төмен екендігін көрсетпейме?? Айта берсең шикілік жетеді... Меніңше құр бос мақтай бергенше, осындайларды айтқанымыз жөн. 20 жыл осыны атқара алмаған билік енді қай уақытта атқармақ. Ең құрымағанда тіл мәселесі түзелгенде ғой.......