Безеу – адамның терісіне шығатын бөртпе. Безеудің жас кезде шығатын қарапайым түрі мен ересек кезде шығатын қызғылтым түрі бар. Көбінесе баланың өсіп толысу кезінде (13-16 жаста), жүйкенің ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан бөрткен ретінде пайда болады. Безеу сығып құртқаннан жазылмайды. Қайта өршіп көбейіп кетеді. Оны тек дәрігердің нұсқауымен емдеу керек. Безеуі бар адамға көп майлы ет жеуге болмайды. Қантты, балды, тағы басқа тәтті тағамдарды аз жеу керек. Көбінесе, көкөніс, сүттен жасалған тағамдар жегені дұрыс. Ұйқысын қандырып, таза ауада серуендеп, спортпен шұғылдануға тиіс.
http://kyzdaralemi.kz
*Безеу — беттің жауы
Бет терісіндегі безеу мен бөртпелер ағзадағы зат алмасудың бұзылуынан және гормоналды өзгерістерге байланысты пайда болады. Безеу бет терісі майлы адамдарға жиі шығады. Ал беттің майлануы ішкі құрылыс пен жүйке жүйесі қызметінің бұзылғандығын көрсетеді. Сондықтан бетті безеу баспас үшін ішкі құрылыс ауруларынан сақтанып жүру қажет. Дұрыс тамақтанып, суды көп ішкен жөн. Майлы, тұзды, қышқыл және тәтті тағамдардан аулақ болған абзал. Бұған қоса бетке ерекше күтім жасау керек. Безеуді кетіру үшін кез келген кремді пайдаланып, бет терісін бүлдіріп алмаңыз. Безеуді сығуға болмайды. Өйткені іріңнің жартысы сыртқа шыққанмен қалғаны терінің терең қатпарларына бойлап кетеді. Нәтижесінде бір безеудің орнына бес безеу шығатыны былай тұрсын, сығылған жер ойдым-ойдым болып тыртығы кетпей қалады. Жалпы бетті ретсіз сипалап, лас қолмен шұқылай берген жақсы емес. Бетті таңертең және кешке тазартады. Тері тым майлы болса, түсте де тазартып қойғанның артықтығы жоқ. Сабынға аллергиясы барлар арнайы бет тазартатын құралдарды пайдаланғаны абзал. Бетті жұмсақ таза орамалмен ысқыламай сүрту керек.*
http://www.aktobegazeti.kz