+1 дауыс
4.9k көрілді
Кунделiктi азанда кешке тiсiмдi жуамын. Тамактанып болгансон 1 сагаттан кейiн аузымнан жагымсыз иiс шыгады бул неден болуы мумкiн? Бурын ондай емес едi.

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл тамақтану тәртібінің бұзылуынан. Яғни сіз кез келген уақытта тамақтанғаннан және ауыр тамақтанғаннан болатын жағдай. тамақтың асқазанда ұзақ тұруынан. Тамақтанып болғаннан кейін бiр шама уақыт қозғалыста болу керек және 10 минут сағыз шайнау  керек.
+4 дауыс
1. Өзіндік қорытынды жасағаннан гөрі, дәрігерге көрінген абзал. Өйткені сіздің асқазаныңыз, неме­се бауырыңыздың зақымдануы мүмкін. Бауыр тәулік бойы өт сөлін бөлумен болады. Бауырдың жұмысы асқазандағы, ішек-қарындағы астың бұзылуынан қорғайды. Кейде адам мөлшерінен көп тамақтанып қояды. Осы кезде өт сөлі бөлінбей, тоқ­тап қалады. Осының салдарынан ауыздан жағым­сыз иіс шыға бастайды. Оған қоса тас шеміршек асты ауыруы мүмкін. Тас шеміршек зақымданғанда, ең алдымен, бүйрекке салмақ түседі. Осы белгі­лерді байқайтын болсаңыз, тез арада дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
*2. Кейде асқазан ауыр боп есептелетін ет тағамдарын қорыта алмайды. Асқазандағы ас ұзаққа дейін тұрып қалғандықтан жағымсыз иіс бөліне бастайды. Сондықтан ет өнімдерін денсаулығыңызға қарай шамалап жеген абзал.*
3. Әйел адамдардың аузынан жағымсыз иістің шығуы айлық белгінің дұрыс келмеуінен де болуы мүмкін. Мұндайда ауыз қуысын ментол суымен шайса жақсы.
*4. Мерез, соз ауруымен ауыратын адамдарда жағымсыз иіс қашықтан да сезіліп тұрады. Мұндай иіс әсіресе сифилис ауруларында көп кездеседі.*
5. Алкогольдік ішімдікті пайдаланған адамның ауыз қуысынан үнемі жағымсыз иіс шығып тұрады. Сонымен қатар денсаулыққа өте зиянды деп көрсетілген шылымдардың да кесірінен ауыз қуысы зардап шегеді.
*6. Тұмауға, тамақ ауруларына шалдыққан адамдардың басым көпшілігінің аузынан жағымсыз иіс шыға бастайды. Мұндай иістің пайда болуына нем­құрайлы қарамаған жөн. Себебі оның ақыры операцияға дейін баруы мүмкін.*

Жағымсыз иістен қарапайым жолмен де құтылуға болады. Ол үшін салол шөбінен 5 грамм, гли­цериннен 30 грамм алып, оған 200 грамм спирт, 2-3 тамшы  жалбыз майын қосыңыз. Мұның бәрін бір стакан суға араластырасыз. Арада 1 сағаттай уақыт өткенде оған 1 шәй қасық тұз араластырып, тамақтан үш сағаттан кейін 1 шай қасықтан ішіп көріңіз. Бұл тәсіл соз және бауыр ауруымен ауыратындарға да жақсы көмектеседі.
*Ауыздан жағымсыз иіс шыққан кезде алманы көптеу жеген де пайдалы. Ақжелектің шөбін шайнап немесе сөлін жұтқан да көмектеседі. Тек мұның бәрі уақытша ғана көмек екенін ұмытпаңыз. Ал дұрысы, қай жағдайда да дәрігермен ақылдасып, ішкі ағзадағы ақауды қалпына келтірген жөн ғой.*

http://www.zamana.kz
+2 дауыс
Ол сіздің аузыныздан емес асқазаннан шыққан иіс. Өте төндіріп айтпай ақ қояйын бірақ асқазанда гастриттің бастамасында жағымсыз иіс шағады. Оның алдын алу үшін бірнеше саған аш жүрмеу керек. Уақытыла тамақтанып жүріңіз. Жанағы сағыз шайнау ол дұрыс емес. САғыз тек ауыз қуысындағы тамақтар қалдығын кетіріп қояды. Сағызды үнемі шайнап жүре алмайсыз ғой. Оны 15 мин соң қажетіде болмайды. Оданда асқазаныңызды тексертіңіз.
2  Тісте карис пайда болса олда жағымсыз иісті тудырады. Тісті емдетіңіз.
...