Шежіре кітәпті қайдан табуға болады? ТӨРТҚАРА руы

0 дауыс
13.6k қаралым
ТӨРТҚАРА ТҰҒЫР руы жайлы толық ақпарат керек,интернеттен шежіре кітаптар болса көшіріп алатын
Тарих сұрақтары

3 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
ТӨРЕ НАЙМАН ………..-Күшлік хан-Өкіреш-Ақсопы-Белгібай-Сүйеніш-Қытай-Төлегетай-Матай-Қаптағай батыр-Жолдас-Есенгельді-Жарылқамыс батыр. Жарылқамыс батырдың үрпақтарыда әр кезенде қазақ хандығының
саясы өміріне белсене араласып нығайуына үлес қосты.
Жарылқамыс батырдың төрт баласы Жәнібек ,Жалаң,Суйін,Бөлек батырлар жонғарлар нағашы ауылын шауып жатқанда Матай қолын басқарып көмекке келеді ,нағашысы төбе басында түрып қасындағы нөкерін жумсап алыстан төрт қара көрінді барып біліп келіңдер жаума әлде көмекке келе жатқан әскерме екен деп жумсайды . шабарман барып келіп Матай қолын басқарып көмекке келе жатқан жиендері екенін айтады, нағашыларының әскерлерімен бірігіп жауды женеді. Жеңістен соң нагашысы бата беріп төртеуің «ТӨРТҚАРА» атаныңдар ,рулы елге айналындар деп бата береді. Бүл күндері урпақтары Қаптағай руының ішінде ТӨРТҚАРА аталығы атанып ,үрпақтары осы күнге шейін қыз алыспай Жетісу,Жезқазған,Қызылорда,Шымкент облыстарында өмір сүріп келе жатыр.
Қазақ халқының басынан қилы –қилы замандар өтіп аман-есен бугінгі куні егеменді, тәуелсіз дербес елге айналды , бабаларымыздың аңсаған арманы орындалды.
Бүгінгі күндері жоғымызды жоқтап іздеп әр рүдың шежірелері кітап болып шыға бастады, бүл үрдістен батыр ұрпақтарыда сырт қалмай шежіресін жазып баспаға бастырып кітап қылып шығарды.
Шежіре жазғанда ТӨРТ АТА ТӨРТҚАРА УРПАҚТАРЫ төмендегіше өріледі.
-Жәнібек екі бала 1. Елтүзер
2. ЖЕМЕТ
- СУЙІН екі бала 1.МАЛКЕЛТІР
2.КАРАКӨЗ
-ЖАЛАҢ ———?
-БӨЛЕК ———?
Елтүзер haм ЖЕМЕТ урпақтары Жетісу ( Қапал, Ақсу,уштөбе) –өнірінде өмір сүрсе, СУЙІН -нен МАЛКЕЛТІР haм КАРАКӨЗ урпақтары Жезқазған,Қызылорда,Туркістан, Шымкент өнірлерінде өмір сүріп келе жатыр.
Бабалардан қалған сөз бойынша Жалаң,Бөлек урпақтары кіші жуз қурамындағы Каракесек бірлестігіндегі ӘЛІМ руының қүрамында қалып қойған делінген.
Қазақ совет энциклопедиясында Әлім руының ТӨРТҚАРА руы белгісіз себебтерден Матай руының ТӨРТҚАРА аталығынан бөлінген делінген, таңбасы МАТАЙ руының танбасымен бірдей, ураны АЙЫРТАУ делінген . Айыртау жезказған облысы, Ұлытау ауданыңың жерінде орналасқан. ТӨРТҚАРА урпақтары осы кунге шейін Ұлытау
жерінде өмір сүріп келе жатыр, Төртқара күмбезі бар.
Қызылорда қаласында Жалаңтөс бахадүрге ескерткіш ашылғанда үрпақтары біз ЖАЛАҢ үрпақтарымыз деді. Жалаңтөс бахадүр 1576 туып, 1658 жылы 80жыл өмір сүріп қайтыс болады ,моласы Самарқант қаласынан 12 км қашықта ДАГБИТ қорымында жатыр. Шежире бойынша;
Жалаң-1.Тоғанас.2.Шобан.,СЕЙТҚУЛ-1СЕЙТИМБЕТ.2.ТӨЛЕС.3.АҚША БИ4.ЖАЛАҢТӨС БАХАДУР.
Жалаңтөс бахадурді 1612 жылы Қонырат Алатау батырдың үсынысымен Самарқант қаласының әкімі болып Есім ханның бүйрығымен тағайындалады, ол кезде Самарқант қаласы ҚАЗАҚ хандығыңың қүрамында болған. Шежірені тарқатқанда 25 жыл бір урпақ десек төмендегіше болады
Қаптағай батыр 1426 жыл
Жолдас — 1451 жыл
Есенгелді -1476 жыл
Жарылқамыс батыр -1501 жыл
Жалаң -1526 жыл
Сейтқул -1551 жыл
Жалаңтөс бахадур -1576 жыл туылған болады
Бөлек үрпақтары басынан да қили-қилы заман өтіп бүл күндері Ақтөбе облысында өмір сүріп келеді. Бөлек батыр жөнғарлармен болған сүрыпыл соғыста ауыр жараланып қалады, Алім руының азаматы соғыс аланынан тауып алып ,үйіне әкеліп жарасын емдеп жазып өзінің қызын қосады.
Қаптағай батыр -1426 жыл
Жолдас — 1451 жыл
Есенгелді -1476 жыл
Жарылқамыс батыр -1501 жыл
Бөлек батыр -1526 жыл
1. АЙТ
2. Бүжыр.
- Үлы жүздің биі ТӨЛЕ би тұралы . Жаныс шежіресі бойынша ата-тегі төмендегіше таратылады.
Жарылқамыс-Байімбет(Байумбет)-Елтүзер-Әлібек-ТӨЛЕ би
Төртқара шежіресі бойынша
Жарылқамыс-Жәнібек-Елтузер-Байүмбет(Байімбет) болып таратылады
Қазыбек бидің Түп түқыяннан өзіме шейін деген кітабінда ТӨЛЕ бидің ата жүртына барып Төртқараның биі ТАУҚЫМЕТ бимен кездесуін сүреттеп жазады, сонымен қатар Алаш орталығынан шыққан үш томдық Найман руының шежіре кітабында ТӨЛЕ бидің төртқара руына қатысы түралы мәлімет беріледі.
Аруақты батыр баба Жарылқамыс батыр ұрпақтары қазақ тарихында әр кезеңде саясы билікке араласып ,өз халқына қызмет еткен. Атап айтқанда Жәнібек,Жалаң, Суйін,Бөлек батырлар ,АПЫР,БЕРСЕЙ,ҚАРА батырлар, ТОКЫМТАЙ би,ТАУҚЫМЕТ би .ТӨЛЕ би. http://anatili.kz
үлкен рахмет БАУКА_КОСАЙ, жақсы жауап +1
+1 дауыс
ҚАРАКЕСЕКТІҢ БАЛАЛАРЫ: БАЙСАРЫ, ӘЛІМ, ШӨМЕН. ӘЛІМ-ҮШ ӘЙЕЛ АЛҒАН. Құба деген бәйбішесінен-ЖАМАНАҚ, ҚАРАМАШАҚ, АЙНЫҚ. Күлтебике деген тоқалынан-ҰЛАНАҚ. Кетебике деген жеңгелей алған әйелінен-ТЕГІНБОЛАТ, ТАЙҚОЖА, (БАЙСАРЫНЫҢ ӘЙЕЛІ) ЖАМАНАҚТЫҢ ҰРПАҒЫ-«ШЕКТІ» ҚАРАМАШАҚТЫҢ ҰРПАҒЫ-«ТӨРТҚАРА» АЙНЫҚТЫҢ ҰРПАҒЫ-«САРБАС ҚАРАСАҚАЛ» ҰЛАНАҚТЫҢ ҰРПАҒЫ-«ҚАРАКЕСЕК» ТЕГІНБОЛАТТЫҢ ҰРПАҒЫ-«ҚАРАСАҚАЛ» ТАЙҚОЖАНЫҢ ҰРПАҒЫ ӘЛІМНІҢ АҒАСЫ «БАЙСАРЫНЫҢ» ҰРПАҚТАРЫМЕН ҚОСЫЛЫП «АҚ КЕТЕ» РУЫ АТАЛЫП КЕТКЕН Әлім ( алты ата) І.Жаманак ІІ.Қарамашақ ІІІ.Айнық IV. Ұланақ V. ТАЙҚОЖА VI.Төгенболат 1.Жакайым 1. Ора 1.Сарыбас 1. Каракесек 1. Ақбас 1.Пусырман 2. Баубек 2. Оразкелді (қалғаны 2.Төребай 2. Шіңгір 3. Орыс 3.Жаншұқыр белгісіз) 4.Қараш
0 дауыс
менин ойлауымша әлім торткара мен наймандар бир бирине жакын. наймандар казакка дейин бар ру . Наймандар, конырат \керейттер бул рулар тек казакта емес сол сиякты каракалпак руларында да кездеседи , ягни бул рулар екиге болинип кеткен бири казактардын курамына екиншиси каракалпактардын курамына
127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы